Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Ақтауда сумен жабдықтау желілері реконструкциялануда

Ақтауда сумен жабдықтау желілері реконструкциялануда
Фото: primeminister.kz

Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбай Үкімет отырысында өңірдегі сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйелерін дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ол Ақтау қаласындағы «Каспий» су тұщыту зауытының 2-кезеңі және МАЭК (ЦУВС-2) аумағында қуаттылығы 6,0 мың су тұщыту қондырғысы іске қосу есебінен, Ақтау қаласының ауыз су көлемі тәулігіне 58 мыңнан 84 мың текше метрге дейін артқанын, бұл Ақтау қаласы мен оған іргелес елді мекендерді ауыз сумен толық әрі үздіксіз қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Облыстың халық санының артуын ескере отырып, су тұщыту зауыттарын салу және қондырғыларын орнату бойынша 6 жобаны жүзеге асыру жоспарланған болатын. Оның ішінде құны 130,8 млрд теңгені құрайтын З жоба 2025 жылы пайдалануға берілді, — деді Нұрдәулет Қилыбай.
Су бұру жүйелері бойынша Ақтау қаласындағы кәріз-тазарту құрылыстарының қуатын 30,0 мың м³-тен 70,0 мың м³-ке дейін ұлғайту жобасы жүзеге асырылды. Қазіргі уақытта Ақтау қаласының сумен жабдықтау желілерін кезең-кезеңімен қайта жаңарту жүргізілуде. I кезең аясында жалпы құны 8,9 млрд теңгені құрайтын 18 жоба жүзеге асырылды. Нәтижесінде тозу деңгейі 83%-дан 72%-ға дейін төмендеді. II кезең шеңберінде тозу дәрежесін 72%-дан 53%-ға дейін төмендету жоспарлануда.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті