Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Қошқар-Ата» аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады

«Қошқар-Ата» аумағына 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылады
Фото: Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында «Қошқар-Ата» қалдық қоймасын қалпына келтіру жұмыстары басталды. Қазан айынан бастап 640 гектар жерге 1 млн түп сексеуіл көшеті отырғызылып, заманауи суару жүйесі орнатылады. Қазіргі таңда қойма аумағын темір қоршаумен қоршау жұмыстары жүргізілуде. Жоба Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы аясында іске асырылуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай қоймаға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

2024 жылғы зерттеу нәтижесінде қойма аумағында радиоактивті ластану шекті деңгейден аспайтыны анықталып, биологиялық рекультивация жұмыстары ұсынылған болатын. Осы негізде «2025-2026 жылдарға арналған жасыл қорғау аймағын құру жобасы» әзірленді.

Жоба өңір экологиясын жақсартуға, халық денсаулығына әсер ететін факторларды азайтуға, сондай-ақ қалдық қоймасының ұзақ мерзімді экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Іс-шара барысында өңір басшысына жобаның жүзеге асырылу барысы мен алдағы жоспарлар таныстырылды.

Әкімнің айтуынша, бұл бастама өңір үшін стратегиялық маңызға ие.

«Қошқар-Ата қалдық қоймасы – халық арасында көптен бері алаңдаушылық туғызып келе жатқан мәселе. Бүгінгі басталған жұмыстар – экологияны сауықтыруға бағытталған маңызды қадам. Біз бұл істі жүйелі әрі ашық түрде жүзеге асыруға мүдделіміз. Жоба Мемлекет басшысының бақылауында тұр. 2026 жылдың аяғына дейін аяқталу қажет», – деді Нұрдәулет Қилыбай.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады