Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды

Алматыда Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері Екатерина Баранова 101 жасқа толды
Фото: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Осыған орай Алматы қаласының Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің, Алмалы ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері майдангерді арнайы барып құттықтады.

Қорғаныс министрінің атынан ардагерге құттықтау хат табысталып, Жеңіске қосқан өлшеусіз үлесі мен Отан игілігі жолындағы жанқиярлық еңбегі үшін алғыс білдірілді.

Екатерина Александровнаның өмір жолы – ерлік пен қайсарлықтың, елге адал қызмет етудің жарқын үлгісі. Жеті сыныпты тәмамдағаннан кейін ол медицина техникумына оқуға түсіп, фельдшер мамандығын игере бастайды. Алайда бейбіт өмірді сұм соғыс үзді.

1943 жылы Белгород облысындағы туған ауданы неміс-фашист басқыншыларынан азат етілгеннен кейін Екатерина Баранова әскер қатарына шақырылып, 1-Украина майданының әскери госпиталіне жіберілді. Ол жараланған жауынгерлерге медициналық көмек көрсетіп, олардың өмірін сақтап қалуға және қайта сапқа оралуына аянбай еңбек етті. Жеңіс күнін Екатерина Баранова Чехословакияның Карловы Вары қаласында қарсы алды.

Соғыс жылдарындағы ерлігі мен батылдығы үшін Екатерина Баранова II дәрежелі «Отан соғысы» орденімен, «Жауынгерлік еңбегі үшін», «Германияны жеңгені үшін», «Праганы азат еткені үшін» медальдарымен және көптеген мерейтойлық наградалармен марапатталған.

Құрметті жасына қарамастан, Екатерина Александровна өмірге деген құштарлығын, сергектігі мен рухының беріктігін сақтап келеді. Ол үшін әскери қызметшілер мен жас ұрпақтың құрметі мен қамқорлығы ерекше маңызды.

Мұндай кездесулер – Жеңіс ұрпағына деген құрметтің белгісі әрі бүгінгі бейбіт өмір үшін жанын аямаған ардагерлерге көрсетілген тағзым.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті