Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы әкімі мен Хатлон облысының басшысы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады

Алматы әкімі мен Хатлон облысының басшысы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мәселесін талқылады
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Тәжікстан Республикасының Хатлон облысының төрағасы Саид Давлаталимен кездесіп, екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту мүмкіндіктерін талқылады.

Тараптар екі ел басшылары деңгейінде қол жеткізілген уағдаластық сауда-экономикалық, инвестициялық және көлік-логистикалық ынтымақтастықты кеңейтуге берік негіз қалыптастырып отырғанын атап өтті.

Дархан Сатыбалдының айтуынша, 2025 жылдың қорытындысы бойынша Алматы қаласы мен Тәжікстан арасындағы сыртқы сауда айналымы 347 млн АҚШ доллары болып, 2024 жылмен салыстырғанда 17,5 пайызға өсті.

Бүгінде Алматыда тәжік капиталы бар 226 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, көлік, қаржы қызметі және қызмет көрсету салаларын қамтиды.

Өз кезегінде Саид Давлатали Алматының Тәжікстан өнімдері, оның ішінде ауыл шаруашылығы тауарлары үшін ірі тұтыну нарығы екенін атап өтті. Оның айтуынша, алдағы екі күнде Алматыда Хатлон облысының тауар өндірушілері қатысатын үшінші ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді.

Ол бұл іс-шара Хатлон облысының өндірушілері мен Алматының бизнес қауымдастығы арасындағы тікелей әріптестікті нығайтудың тиімді алаңына айналатынын жеткізді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бірлескен бастамаларды іске асыру бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді