Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда “синтетика” таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды

Талдықорғанда “синтетика” таратумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыпты ұсталды
Фото: polisia.kz

Құқық қорғау органдарының жүйелі және мақсатты жұмысының нәтижесінде қоғамға, әсіресе жастарға қауіп төндіретін тыйым салынған заттарды тарату арналарының жолы кесілуде, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Талдықорғанда синтетикалық есірткіні өткізумен айналысты деген күдікпен ерлі-зайыптыны ұстады. Олар — Алматы қаласының 33 жастағы тұрғыны мен Алматы облысының 43 жастағы тұрғыны. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, күдіктілер мессенджерлердің бірі арқылы куратордан нұсқау алып, тыйым салынған заттарды жасырын орындарға қалдырып жүрген. Жеке тінту және кейінгі тергеу әрекеттері барысында олардан ұнтақ тәрізді зат салынған орамалар, сондай-ақ есірткілерді өлшеп-орауға және таратуға арналған заттар тәркіленді. Сонымен қатар Талдықорған қаласындағы уақытша тұрып жатқан мекенжайларында жүргізілген тінту кезінде қосымша есірткі заттары мен олардың заңсыз қызметпен айналысқанын айғақтайтын құрал-жабдықтар анықталды.

Есірткінің заңсыз айналымы азаматтардың қауіпсіздігіне елеулі қатер төндіріп, адамдардың тағдырын бұзып, қылмыстың өсуіне ықпал етеді. Сондықтан мұндай құқық бұзушылықтардың жолын кесу — құқық қорғау органдарының маңызды міндеттерінің бірі Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде заңсыз айналымнан жалпы салмағы 260 грамм мефедрон тәркіленді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жалғасып жатыр. Полиция есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына байланысты қылмыс үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында қатаң қылмыстық жауапкершілік көзделгенін еске салады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды