Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қырғыз Республикасы Жогорку Кенешінің Төрағасы Марлен Маматалиевті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Марлен Маматалиевке ілтипат білдіріп, оның Қазақстанға алғашқы ресми сапары екіжақты қарым-қатынасты нығайту тұрғысынан айрықша мәнге ие екенін атап өтті.

– Елімізге арнайы келгеніңізге қуаныштымыз. Сапарыңыз өте маңызды. Бұл екі ел арасындағы ынтымақтастыққа тың серпін береді деп сенемін. Елдеріміз арасында ешқандай түйткіл немесе түсініспеушілік жоқ. «Қазақ-қырғыз – бір туған» деген сөз бар. Бір кеңістікте бауырлас, тату болып, арамыздағы қарым-қатынасты нығайта береміз. Қырғыз Республикасының экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Біз бұл оң үрдісті қолдаймыз. Қырғыз Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды. Мұны Қырғызстан мен Орталық Азия елдері үшін тарихи оқиға деп айтуға болады. Осыған орай Президент Садыр Нургожоевич Жапаровқа құттықтау хат жолдадым, – деді Президент.

Марлен Маматалиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа кездесу үшін алғыс айтып, Президент Садыр Жапаровтың ыстық ықыласын жеткізді.

– Қырғыз тарапы Сіздің басшылығыңызбен іске асырылған ауқымды конституциялық өзгерістерді қолдайды. Мен мұны сенімді түрде айта аламын. Бұл әділетті әрі озық Қазақстанды құруға берік негіз қалайды. Сізге және бауырлас Қазақстан халқына бейбітшілік, бақ-береке тілеймін. Қолға алған реформаларды табысты жүзеге асыруларыңызға тілектеспін, – деді Жогорку Кенеш Төрағасы.

Кездесу барысында парламентаралық байланыстарды дамыту және жоғары деңгейде қол жеткізілген екіжақты уағдаластықтарды заңнамалық тұрғыдан тиімді қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

Екі елде жүргізіліп жатқан жүйелі әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде мазмұнды әрі егжей-тегжейлі әңгіме өрбіді.

Президент пен Жогорку Кенеш Төрағасы Қазақстан мен Қырғызстанның стратегиялық серіктестік және одақтастық қарым-қатынасын жан-жақты дамытуға бейіл екенін растады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды