Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада есірткіні заңсыз өсірді деген күдікпен таролог ұсталды

Елордада есірткіні заңсыз өсірді деген күдікпен таролог ұсталды
Фото: polisia.kz

Елордада есірткіні заңсыз өсірді деген күдікпен таролог ұсталды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

"Қарасора" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында елордалық полиция қызметкерлері құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру фактісін анықтады. Тексеру барысында өзін таролог ретінде таныстырып, үйінде түрлі рухани тәжірибелер мен Таро карталары арқылы бал ашу сеанстарын өткізген 54 жастағы қала тұрғынының пәтерінде шағын фитозертхана ұйымдастырғаны белгілі болды. Әйел құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді өсіру үшін жатын бөлмедегі шкафты арнайы жабдықтап, оған жасанды жарық шамдарын және өзге де қажетті құралдарды орнатқан. 

Тінту барысында полиция қызметкерлері бірнеше түп марихуана бұтасын және оларды өсіруге пайдаланылған жабдықтарды анықтап, тәркіледі. Сонымен қатар медициналық куәландыру қорытындысы бойынша әйел адамның есірткілік масаң күйде болғаны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Табылған өсімдіктер мен жабдықтар тәркіленді. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Полиция құрамында есірткі заты бар өсімдіктерді заңсыз өсіру қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын және қолданыстағы заңнамаға сәйкес жазаланатынын ескертеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді