Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Полицейлер ауыл тұрғынының бақшасынан 920 түп қарасора тәркіледі

Полицейлер ауыл тұрғынының бақшасынан 920 түп қарасора тәркіледі
Фото: Polisia.kz

Ақмола облысында ауыл тұрғыны бақшасында 900-ден аса қарасора бұтасын өсірген, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Ақмола облысында “Қарасора – 2025” жедел-алдын алу іс-шарасы аясында ірі құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Полицейлер Жақсы ауданының бір ауылында құрамында есірткі заты бар өсімдіктердің заңсыз өсірілгенін анықтады. Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының мамандары аудандық полиция бөлімімен бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру және тергеу шаралары барысында 39 жастағы ауыл тұрғыны өз үйінің ауласында қарасора өсіріп келгені белгілі болды. Тінту кезінде тәртіп сақшылары шамамен 500 грамм марихуана салынған пакетті тауып, айғақ зат ретінде тәркіледі. Бұдан бөлек, үй іргесіндегі бақшада құрамында есірткі заты бар 920-дан астам қарасора бұтасы анықталып, түгел жойылуға жіберілді.

Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 300-бабы (Құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Полиция есірткі айналымының кез келген түріне қарсы күресті күшейтіп, азаматтарды заңға бағынуға және есірткі заттарына жоламауға шақырады.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады