Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада Ақбұлақ өзенін тазарту жұмысы жүріп жатыр

Елордада Ақбұлақ өзенін тазарту жұмысы жүріп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Ақбұлақ өзенін кешенді биологиялық тазарту жобасы аясында су айдынының экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған іс-шаралар өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл жобаны Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы, «Арғын Строй 2015» ЖШС және «Astana Bioscience Business Centre» ЖШС бірлесіп, жүзеге асырды.

Аталған жоба аясындағы маңызды кезеңдердің бірі өткізілді. Сондай-ақ Bacillus тектес бактериялар негізіндегі сұйық биопрепарат пен құрамында тиімді микроорганизмдер кешені бар ЭМ-түйіршіктерді су айдынына енгізілу көзделген. Бұл микроорганизмдер органикалық ластаушы заттар мен шөгінділердің ыдырауын жеделдетуге, жағымсыз иістерді азайтуға және су қоймасының табиғи өздігінен тазару үдерістерін қалпына келтіруге ықпал етеді.

Кешенді іс-шаралар қатарына жағалау аумағын санитарлық тазарту, суда еріген оттегінің мөлшерін арттыру мақсатында аэрация жүргізу, хлорелла негізіндегі биопрепарат енгізу және өзенді балықтандыру жұмысы да кіреді.

Балықтандыру экожүйені қалпына келтірудің маңызды кезеңі болып саналады. Себебі ол тұрақты биологиялық тепе-теңдіктің қалыптасуына және су айдынының биоалуантүрлілігін арттыруға ықпал етеді.

Жобаның негізгі мақсаты – су сапасын жақсарту, органикалық ластану мен лайлануды азайту, жағымсыз иістерді төмендету және Ақбұлақ өзенінің экологиялық жағдайын қалпына келтіру.

Кешенді іс-шараларды іске асыру нәтижесінде су қоймасының табиғи өздігінен тазару үдерістері күшейіп, судың гидрохимиялық көрсеткіштері жақсарады.

Биоалуантүрлілік артады және су экожүйесінің дамуына қолайлы жағдайлар қалыптаспақ.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді