Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Almaty Superski жобасы нақты жүзеге асыру сатысына өтуде: Директорлар кеңесі бірқатар шешім қабылдады

Almaty Superski жобасы нақты жүзеге асыру сатысына өтуде: Директорлар кеңесі бірқатар шешім қабылдады
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Kazakh Tourism Development Ltd компаниясы директорлар кеңесінің отырысын өткізді. Онда Алматы тау кластерін дамыту мәселелері қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Kazakh Tourism Development Ltd.» ЖК бас атқарушы директоры Ержан Еркінбаева Almaty Superski жобасын жүзеге асырудың қазіргі жай-күйі туралы баяндады.

Жиында жобаның негізгі нысандарын жобалау және салу мәселелері бойынша бірқатар шешім қабылданды. Атап айтқанда, ашық конкурс шеңберінде аспалы жолдар салу, ғимараттардың конструкциялық жобалануы және өзге де бағыттар бойынша халықаралық жетекші компаниялар айқындалды. Осылайша, Almaty Superski жобасы дайындық кезеңінен нақты жүзеге асыру сатысына өтті. 

11 аспалы жолдың құрылысын қамтитын жұмыстар кешенін орындауға мердігер анықтау мақсатында аспалы жол өндірушілері арасында ашық конкурс өткізілді. Халықаралық PGI, Hill International және DCSA кеңесшілері тәуелсіз бақылау жүргізді.

11 заманауи аспалы жол салу үшін аспалы көлік жүйелерін жобалау, өндіру және пайдалану саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі – POMA француз компаниясы таңдалды. Компания 1936 жылдан бері жұмыс істеп келеді және әлемнің 90 елінде 8 мыңға жуық жобаны жүзеге асырған. Компанияның технологиялық шешімдері әлемдегі жетекші тау шаңғысы курорттары мен қалалық көлік желілерінде кеңінен қолданылып, қауіпсіздік, сенімділік және экологиялық тұрақтылық саласындағы халықаралық талаптарға толық сәйкес келеді. Almaty Superski жобасы аясында 3S жүйесіндегі гондолалы аспалы жолдар, 10 орындық гондолалы желі және креслолы көтергіштер секілді түрлі типтегі аспалы жолдар салу жоспарланған.

Жобада халықаралық сәулет бюросы Foster + Partners әзірлеген тұжырымдаманың маңызды элементі болып саналатын заманауи ағаш конструкцияларды пайдалану көзделген. Конструкцияларды жобалау мен өндірудің сапасын қамтамасыз ету үшін бүкіл әлем бойынша бірегей нысандарды жүзеге асыруда айтарлықтай тәжірибесі бар жаппай ағаштан жасалған инженерлік шешімдер саласындағы жетекші әлемдік компаниялардың бірі StructureCraft (Канада) компаниясымен ынтымақтастық туралы шешім қабылданды.

Жобаны басқаруды шоғырландыру үшін құрылысты дайындауға және кейіннен жүзеге асыруға Hill International (АҚШ) компаниясы тартылды, ол жобалауды, құрылысты үйлестіруді, жұмыс кестесін сақтауды және тағы да басқаларын қамтамасыз етеді.

Отырыс қорытындысы бойынша Премьер-министр Олжас Бектенов жобалау мерзімі мен сапасына қатаң бақылауды, қауіпсіздік пен экологиялық жауапкершіліктің халықаралық стандарттарын сақтауды қамтамасыз етуді тапсырды. Almaty Superski жобасын жүзеге асыру тау кластерінің әлеуетін ашады, туристік саланың дамуына елеулі серпін береді және қызмет көрсету саласы мен сабақтас салаларға кең мультипликативтік әсер етеді. Қала тұрғындары мен қонақтары үшін қолжетімді әрі қауіпсіз туристік инфрақұрылымды қалыптастыруға басымдық берілген.

Бекітілген кестеге сәйкес алаңда құрылыс жұмыстары басталды. «Almaty Superski» тау шаңғысы курортының іске қосылуы 2028 жылғы желтоқсанға жоспарланған.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды