Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы ауасын тазарту: қалада жаңа экологиялық ережелер қабылданбақ

Алматы ауасын тазарту: қалада жаңа экологиялық ережелер қабылданбақ
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда таза да жайлы өмір сүруге қолайлы қала кеңістігін қалыптастыру жұмыстары жүйелі түрде жалғасып келеді. Сол игі бастамалардың бірі атмосфералық ауаны қорғауға арналған жаңа ережелер жобасын әзірлеу, яғни «Атмосфералық ауаны қорғау саласындағы арнайы экологиялық талаптарды енгізу туралы» құжат. Құжат биыл тамыз айында қоғамдық талқылаудан өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жобаның басты мақсаты – мегаполистегі ауаның ластану деңгейін жүйелі түрде төмендету. «Ренессанс плюс» компаниясының дерегінше, зиянды шығарындылардың шамамен 60 пайызы автокөліктен шығады. Қалған бөлігі жеке тұрғын үйлер өнеркәсіп орындары, монша мен кәуапхана, қоғамдық тамақтану нысаны мен құрылыс алаңдары сынды стационарлық ластану көздерінің қызметімен байланысты.

Бұл ережелер жобасы қаланың болашақ экологиялық саясатының берік іргетасы. Оның негізінде зиянды шығарындыны азайтуға, ауа сапасын жақсартуға бағытталған нақты қадамдар мен тетіктер кезең-кезеңімен жүзеге аспақ. Ұсынылған шаралардың арасында өндіріс ошақтарын жаңғырту, экологиялық таза отын түрлеріне көшу секілді маңызды бағыттар бар.

Ережелер жобасын қабылдау мен жүзеге асыру қаланың экологиялық жағдайын жақсартып, алматылықтардың өмір сүруге барынша қолайлы жағдай туғызуға жол ашады.

Сонымен қатар, қала тұрғындары ауа сапасы ең алдымен көлік саны мен әр азаматтың табиғатқа деген көзқарасына байланысты екенін айтады. «Таза ауа аймағы» жобасы аясында жүргізілген сауалнама барысында кейбір тұрғындар таза ауамен тыныстау үшін тауға шығуға мәжбүр екенін жеткізген. Олардың пікірінше, экологиялық ахуалды жақсарту бірлескен күш-жігердің нәтижесінде ғана жүзеге асатын ортақ іс. Себебі, бұл әлемдік мәселе.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті