Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда көші-қон әлеуетін бағалаудан өту кезіндегі заңсыз делдалдықтың алдын алу жұмыстары жалғасады

Қазақстанда көші-қон әлеуетін бағалаудан өту кезіндегі заңсыз делдалдықтың алдын алу жұмыстары жалғасады
Фото: ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон әлеуетін критериалды бағалаудан өту кезінде жекелеген тұлғалардың шетелдік азаматтарға ақылы делдалдық қызмет көрсету жағдайларын назарда ұстайды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ЕХӘҚМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство бағалау рәсімі тек қана жеке тәртіппен жүргізілетінін және өтініш берушінің бейімделу, кәсіби әрі интеграциялық әлеуетін объективті түрде анықтауға бағытталғанын еске салады. Бағалаудан өту делдалдарды тартпай, шетелдік азаматтың жеке өзінің қатысуын көздейді.

Рәсімге араласудың кез келген әрекеті, соның ішінде дайын жауаптарды ұсыну, бағалаудан өту кезінде көмектесу немесе ақшалай сыйақы үшін «кепілдендірілген» нәтижеге уәде беру белгіленген ережелерге қайшы келеді.

Барлық рәсімдердің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету, шетелдік азаматтарды жаңылыстыру жағдайларының алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылады.

Министрлік сондай-ақ дербес деректерді үшінші тұлғаларға беру және ресми емес делдалдарға жүгіну белгілі бір құқықтық тәуекелдерге әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.

Шетелдік азаматтарға тек ресми ақпарат көздерін пайдалану және қолданыстағы талаптарға сәйкес бағалаудың барлық кезеңдерінен дербес өту ұсынылады. Нәтижелер өтініш берушінің жеке мәліметтері мен дайындық деңгейі негізінде қалыптасады.

Бұл саладағы бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу жұмыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы аясында жалғасатын болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді