Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк экономикалық реформалар бойынша бірлескен іс қимыл жоспарын дайындайды

Қазақстан мен Дүниежүзілік банк экономикалық реформалар бойынша бірлескен іс қимыл жоспарын дайындайды
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы Тұрақты өкілі Андрей Михневпен және ұйымның халықаралық сарапшыларымен жұмыс кездесуін өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу ҚР Премьер-министрі бастамашылық еткен бірқатар талқылаулардың жалғасы ретінде толығымен жаңа инвестициялық циклды жүзеге асыру, ұзақ мерзімді капитал тарту, экономиканың өнімділігін арттыру және одан арғы құрылымдық реформалар үшін тәжірибе тетіктерін дайындау мәселелеріне арналды.

Талқылауға Ұлттық экономика, Қаржы, Сыртқы істер, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрліктерінің, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектордың өкілдері қатысты.

Кездесу барысында Дүниежүзілік банктің сарапшылары Қазақстанның мемлекеттік секторының деректеріне негізделген болашақ талдамалық есептің құрылымын ұсынды. Талқылаудың өзегі Экономиканың жоғары өнімділікке, технологиялық жаңаруға және халық табысының өсуіне сапалы түрде көшуіне бағдарланған «3I» моделі болды. Оның атауы ағылшын тіліндегі инвестиция, ықпалдасу және инновация сөздерінен құралған.

Есепті таныстыру шеңберінде мемлекеттік шығысты жоспарлауды жетілдіруге және әлеуметтік қолдаудың белсенді шараларын дамытуға айтарлықтай көңіл бөлінді. Сарапшылар Қазақстандағы цифрландырудың жоғары деңгейін атап өтті. Бұл мемлекеттік көмекті барынша жедел, дәлме-дәл және оған нағыз мұқтаж азаматтардың санатына көрсетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдау құралдарын талқылау кезінде сарапшылар «Даму» қорының бағдарламаларына талдау жасап, ШОБ кәсіпорындарын жұмыспен қамтуды арттыру мен  жаңғыртудың драйвері ретінде ішінара несиелік кепілдік беру тетігінің жоғары тиімділігін атап өтті.

Кездесу қорытындысында тараптар бастамаларды талдамалық ұсынымдардан іс жүзіне асыруға көшу туралы уағдаласты. Ұлттық экономика министрлігі, Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігі және басқа да ведомстволармен бірлесіп, кешенді іс-қимыл жоспарын дайындаумен айналысатын бірлескен жұмыс тобы құрылады.

«Кеңес беру процесі біз үшін маңызды. Ұсынылған шара әрбір салалық министрлікпен, жергілікті атқарушы органмен егжей-тегжейлі талқыланып, олардың ағымдағы міндеті де толық ескерілуі маңызды. Өңірлерді толыққанды тарту қазірдің өзінде жергілікті ерекшеліктерді дәлірек анықтап, әр облыс үшін қолданбалы құралды әзірлеуге мүмкіндік береді. Біз оны жоғары деңгейде талқылағаннан кейін, келісілген жалпы стратегия ретінде ұсыну үшін қыркүйек-қазанға арналған іс-қимыл жоспарының жобасын бірлесіп дайындаймыз деген үміттеміз», - деді Андрей Михнев.

ҚР Премьер-министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өз кезегінде бірлескен жұмыстың стратегиялық басымдықтарын атап өтті:

«Біздің басты міндетіміз – терең экономикалық талдауды практикалық және түсінікті шараларға көшіру. Мемлекет басшысы айтып отырған жаңа инвестициялық цикл бізден белсенді тәсілдерді талап етеді. Біз ұзақ мерзімді жеке капитал үшін барынша тартымды жағдай жасауды, технологиялық жаңару үшін кедергілерді алып тастауды және отандық бизнеске дамудың пәрменді құралдарын ұсынуды көздейміз. Дүниежүзілік банкпен бірлескен іс-қимыл жоспары жүргізіліп жатқан құрылымдық реформалардың сабақтастығын қамтамасыз ететін және сапалы экономикалық өсудің негізін қалайтын нақты бағдарға айналады», — деп атап өтті вице-премьер.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді