Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы реформаларды қолдау жөніндегі бастамаларын құптаймыз – Н. Байбазаров

Дүниежүзілік банктің Қазақстандағы реформаларды қолдау жөніндегі бастамаларын құптаймыз – Н. Байбазаров
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Астанада Дүниежүзілік банктің  және Халықаралық қаржы корпорациясының өкілдерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға Орталық Азия бойынша ДБ өңірлік директоры Татьяна Проскурякова, Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің тұрақты өкілі Андрей Михнев, Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан бойынша IFC өңірлік менеджері Зафар Хашимов және Қазақстандағы IFC өкілдігінің басшысы Екатерина Бенджамин қатысты.

Кездесуде тараптар ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын, бұрын қаржыландырылған инвестициялық жобаларды іске асыру барысын және Қазақстандағы Дүниежүзілік банк тобының бағдарламаларының тиімділігін арттыру үшін кедергілерді жою мәселелерін талқылады.

Нұрлан Байбазаров қазіргі уақытта Қазақстан мен Дүниежүзілік банк арасында экономикалық мәселелердің кең ауқымын қозғайтын тығыз байланыстар жолға қойылғанын атап өтті.

Дүниежүзілік банк өкілдері еліміздің экономикалық дамуы үшін, оның ішінде көлік және логистика, инфрақұрылым, энергетика, коммуналдық шаруашылық сияқты бағыттарда аса маңызды жаңа жобаларды іске асыру бағытында қаржыландыру ұсынуға өздерінің мүдделілігін танытты.

Вице-премьердің айтуынша, қазіргі уақытта 2025-2030 жылдар аралығындағы бес жылдық кезеңге арналған серіктестіктің жаңа негіздемелік стратегиясын келісу рәсімдері өтуде. Стратегияда Қазақстандағы ДБ қызметінің негізгі бағыттары айқындалатын болады, олар: мемлекеттік сектор реформаларын қолдау, макроэкономикалық және фискалдық орнықтылық, қаржы секторы, ауыл шаруашылығын трансформациялау, цифрлық даму.

«Әріптестік жылдарында біз өзара тиімді ынтымақтастық құра алдық және Банктің Қазақстанның дамуына қосқан үлесін жоғары бағалаймыз. Елімізде неғұрлым инклюзивті әрі орнықты дамуға қол жеткізу үшін жүргізіліп жатқан реформаларды қолдауға бағытталған әріптестігімізге үлкен мән береміз»,  — деп түйіндеді Н. Байбазаров.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді