Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында отандық өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды

Астанада ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында отандық өндірушілерді қолдау шаралары талқыланды
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

Астанада «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» (ЭКСЖ) ұлттық жобасы аясында өндірісті дамыту және отандық өнім үлесін арттыру мәселелеріне арналған семинар-кеңес өтті. Іс-шараға табиғи монополия субъектілері, мемлекеттік органдар, салалық ұйымдар мен қазақстандық өндіріс орындарының өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Семинардың салтанатты ашылуында Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде ЭКСЖ ұлттық жобасы Үкімет тарапынан тек инфрақұрылымды жаңғырту бағдарламасы ретінде ғана емес, сонымен қатар отандық өндірісті дамытуға және энергетика мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық салалары үшін орнықты өнеркәсіптік негіз қалыптастыруға бағытталған маңызды тетік ретінде қарастырылатынын атап өтті.

«ЭКСЖ ұлттық жобасын іске асыру аясында отандық тауар өндірушілерді қолдаудың қажетті тетіктері қалыптастырылды. Біз қазақстандық бизнес жаңғырту жобаларына белсенді қатысып, локализациялау деңгейін, өнім сапасы мен технологиялық құзыреттерін одан әрі арттырады деп сенеміз», – деді вице-министр.

Сондай-ақ ол ұлттық жобаның негізгі бағыттарының бірі – ел ішіндегі құндылықты дамыту және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау екенін айтты. Олжас Сапарбековтің айтуынша, бүгінде Қазақстанда машина жасау, металл өңдеу, құрылыс материалдарын өндіру, химия және мұнай-газ химиясы салаларында сапасы жағынан шетелдік өнімдерден кем түспейтін елеулі өндірістік әлеует қалыптасқан.

Вице-министрдің айтуынша, ЭКСЖ ұлттық жобасы аясында жалпы құны 2,2 трлн теңгені құрайтын 2700-ден астам тауар түріне сұраныс қалыптасады деп күтілуде.

Семинар барысында ұлттық жобаның нормативтік және институционалдық базасы отандық өндірушілерді қолдау басымдығына негізделіп құрылғаны атап өтілді. Атап айтқанда, қазақстандық кәсіпорындардың ЭКСЖ жобаларына қатысуын кеңейту мақсатында сатып алу тетіктері, офтейк-келісімшарттар және жобаларды цифрлық сүйемелдеу құралдары қарастырылған.

Семинар аясында қатысушылар отандық өнімді жобалық-сметалық құжаттамаға енгізу, стандарттау, өндірістік кооперацияны дамыту, тариф қалыптастыру мәселелерін, сондай-ақ қазақстандық өндірушілердің аталған жобаларға қатысу мүмкіндіктерін кеңейту тетіктерін талқылады.

Іс-шара бағдарламасына жаңа өндірістерді локализациялау, өндірушілерге қойылатын талаптар, стандарттарды енгізу және ел ішіндегі өндірістік кооперацияны дамыту мәселелеріне арналған бірнеше тақырыптық пікірталас алаңдары енгізілді. Сонымен қатар өндірістік тапшылық картасын қалыптастыру, заманауи технологияларды енгізу және зертханалық сапа бақылау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Іскерлік бағдарламадан бөлек, семинар алаңында қазақстандық өндірушілер өнімдерінің көрме аймағы және ЭКСЖ жобалары бойынша тікелей келіссөздер, консультациялар мен өтінімдерді талқылауға арналған B2B алаңы жұмыс істеді.

Іс-шара аясында нарық қатысушылары арасында бірлескен қызмет және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қою жоспарланып отыр.

Ұйымдастырушылар мұндай салалық алаңдар мемлекет, бизнес және салалық ұйымдар арасындағы сындарлы диалогты дамытуға, сондай-ақ Қазақстандағы локализациялау деңгейі мен өнеркәсіптік кооперацияны арттыруға ықпал ететінін атап өтті.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді