Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Армения ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуда

Қазақстан мен Армения ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан мен Армения сыртқы саяси ведомстволары арасындағы іс-қимыл жоспарына сәйкес, Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Аппарат басшысы Амангелді Саиновтің Ереванға жұмыс сапары өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Армения Сыртқы істер министрлігінің Бас хатшысы Давид Карапетянмен өткен кездесуде тараптар сыртқы саяси ведомстволардың ұйымдастырушылық дамуының өзекті мәселелерін талқылап, адами ресурстарды басқару саласындағы практикалық тәжірибе алмасты және бейінді бөлімшелер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту перспективаларын қарастырды.

Кездесу қорытындысы бойынша кәсіби байланыстарды нығайтуға, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіруге және дипломатиялық қызмет мәселелері бойынша тұрақты диалогты жалғастыруға өзара мүдделілік расталды.

Сонымен қатар, сапар аясында консулдық округі Армавир облысын қамтитын Қазақстанның Армениядағы Құрметті консулдығының ашылу салтанаты өтті. Іс-шараға сыртқы саяси ведомство басшылығы мен Арменияның Армавир облысы әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Құрметті консулдықтың ашылуы өңіраралық серіктестікті нығайтуға, сондай-ақ гуманитарлық және іскерлік байланыстарды кеңейтуге ықпал ететіні аталып өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді