Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның аэронавигациялық инфрақұрылымы бес жыл ішінде толығымен жаңартылады

Қазақстанның аэронавигациялық инфрақұрылымы бес жыл ішінде толығымен жаңартылады
Фото: pixabay.com

Қазақстанда алдағы бес жыл ішінде әуе дәліздерінің тиімділігін арттыру үшін аэронавигация инфрақұрылымын толығымен жаңғырту жоспарлануда. Технологиялық жаңарту, ішкі авиарейстерді қолдау шаралары және халықаралық ұшу желісін кеңейту туралы Үкімет отырысында Нұрлан Сауранбаев баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Американың жетекші әуе қозғалысын басқару жүйесін жаңарту корпорациясымен келісімшарт жасау жаңғырту жұмыстарына негіз болды. Сонымен қатар, өңірлердің арасындағы байланыс күшейтілуде: әлеуметтік маңызы бар 24 бағдарды қолдауға 6,4 млрд теңге бөлінді. Өңірлерге облысаралық рейстерді субсидиялауға және ішкі тұрақты маршруттарды ҚҚС-тан босатуға мүмкіндік беретін заңнамалық түзетулер енгізілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі қалаларында әуежайлар салынуда, сондай-ақ Арқалық әуе айлағы қалпына келтірілуде. Еліміздің әуе кемелерінің паркі осы жылы 9 ұшақпен толықтырылады, оның 3-і сатып алынған.
«Соңғы 5 жылда Қазақстан арқылы транзиттік ұшу көлемі 4 есеге артты. Өңірлік маршруттарды дамыту туристік бағыттарды қолдау есебінен қосымша серпін алуда. Бұл ретте отандық және шетелдік авиакомпаниялар елдің халықаралық желісін кеңейту жұмыстарын жалғастыруда. Жыл басынан бері 4 жаңа халықаралық рейс ашылды, ал осы жылдың соңына дейін тағы 11 мемлекетаралық бағытты ашу немесе қайта бастау жоспарлануда»,— деді Нұрлан Сауранбаев.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді