Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді

Алматының бір ауданында тұрғындардың шағымынан кейін ауа сапасы тексерілді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Наурызбай ауданында атмосфералық ауаның сапасын тексеру нәтижесінде бірқатар көрсеткіш бойынша шекті мөлшерден асу тіркелді. Бұл туралы «Eco Almaty» ЖШС өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кәсіпорын мәліметінше, азот диоксидінің концентрациясы 0,2 мг/м³ норма кезінде 4,410 мг/м³, бензол — 0,3 мг/м³ орнына 5,749 мг/м³, ал қалқыма бөлшектер (шаң) 0,5 мг/м³ норманың орнына 36,949 мг/м³ болған.

Ауа сапасына қатысты тексеру Наурызбай ауданы тұрғындарының ауаның нашарлауы, өткір иістер және өмір сүру жағдайына кері әсері туралы шағымынан кейін жүргізілді. Тұрғындармен кездесу 13 мамыр күні «Eco Almaty» ЖШС, экология департаменті, Наурызбай ауданы әкімдігі және санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілдерінің қатысуымен өтті.

Зерттеу барысында мамандар көміртек тотығы (CO), азот диоксиді (NO₂), күкірт диоксиді (SO₂), күйе, қорғасын, қалқыма бөлшектер, формальдегид, күкіртсутек, бензол және көмірсутектердің құрамын анықтады.

Жиналған материалдар қолданыстағы заңнама аясында қарау және тиісті шаралар қабылдау үшін уәкілетті органдарға жолданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді