Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды

Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды
Фото: Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова

Астанада LRT іске қосылатыны жарияланды. Алғашқы жолаушылар жеңіл рельсті көлік жүйесін осы аптада-ақ пайдалана алады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

City Transportation Systems (CTS) компаниясының хабарлауынша, қозғалысты ресми іске қосу осы аптаға жоспарланған. Нақты күнін журналистерге бүгін брифингте айтуға уәде берді.

Қазіргі уақытта жоба дайындықтың соңғы кезеңінде. Елордада пойыздарды сынақтан өткізу, қауіпсіздік жүйелерін тексеру және инфрақұрылымды баптау жұмыстары жалғасып жатыр.

LRT-ны сынақтан өткізу 2025 жылдың 29 қыркүйегінде басталған және ол кемінде 6 айға созылуы тиіс еді. Бұған дейін CTS пойыздардың сағатына 40–50 шақырым жылдамдықпен қатынайтынын, "Нұрлы жол" станциясынан әуежайға дейінгі жол шамамен 40 минутты алатынын, ал қозғалыс аралығы учаскеге байланысты 5 минуттан 10 минутқа дейін болатынын мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, LRT бағыты елорданың маңызды нүктелерін байланыстырады. Желі халықаралық әуежайдан басталып (сол жерде пойыздарға қызмет көрсетуге арналған депо салынды), "Нұрлы жол" вокзалына дейін барады. Жол бойында қаланың басты іскерлік орталықтары мен тұрғын аудандары арқылы өтетін барлығы 18 станция бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы облысында Отан қорғаушылар күні айрықша аталып өтті
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді