ҚР Үкіметінің баспасөз орталығында Мемлекет басшысының «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шаралары бойынша брифинг өтті. Мониторинг топтарының жұмысы туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.
Мониторинг топтарының жұмысын үйлестіруді өңірлердің әкімдіктері жүзеге асырады, олар қолда бар ақпаратты, сондай-ақ жүктемені ескере отырып, мониторинг жүргізуге жататын аумақтың учаскелерін айқындайды.
Рейдті тіркеу «InfoKazakhstan» электрондық платформасында жүзеге асырылады, бұл мониторинг топтарының жұмысының тиімділігі мен ашықтығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ объектілердің, оның ішінде «ASHYQ» жүйесіне қатысатын объектілердің еселігі мен рейдтермен қамтылуын үйлестіреді.
Осылайша, электрондық мониторинг актісі қалыптастырылады, онда бизнес субъектісі тексере алатын жүргізіліп жатқан рейдтің дұрыстығын тексеру үшін жасалған QR-код болуы тиіс.
«Жалпы, республика бойынша 2021 жылғы 1 қаңтардан 23 қыркүйекке дейін мониторинг топтары 970 635 нысанды қамти отырып, 179 824 рейд жүргізді, оның барысында 26 584 объектіде бұзушылық анықталды», — деп хабарлады А. Цой.
Санитарлық-эпидемиологиялық заңнама талаптарын бұзу фактілері бойынша жеке және заңды тұлғаларға қатысты 2 млрд теңге сомасына 24 821 әкімшілік айыппұл салынды, 111 объектінің қызметі тоқтатылды, 392 материал сотқа берілді.
Айта кету керек, карантин шараларының жеңілдетілуі коронавирусты жұқтыру мен одан болатын өлім-жітімнің төмендеуімен байланысты.
Банкеттерді өткізу де белгілі бір талаптармен регламенттелген: объектілер «ASHYQ» жүйесінің қатысушылары болуы тиіс, тойға келушілердің барлығы «жасыл» статусына «ASHYQ» арқылы тексеруден өтеді, той қонақтарының рұқсат етілген саны бар (тойхананы тек 50%-ға толтыруға болады).
«Біріншіден, Қазақстанның коронавирус таралған кезеңде өмір сүріп жатқанын түсіну керек, бізде қазірдің өзінде 6 млн астам Қазақстан азаматы толыққанды вакцина алған, сәйкесінше белгілі бір иммундық қорғаныш қалыптасты», — деді А. Цой.
Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуал жақсарып келе жатқанын атап өтті.
«R коэффициенті айтарлықтай ұзақ уақыт бойы бірліктен аз. Сонымен қатар, бұл, әрине, пандемия кезінде бизнестің қауіпсіз жұмыс істеуіне қолдау. Өздеріңіз білетіндей, біз барлық қызметкерлер вакцина алуы керек деген талаптарды бекіттік. Жұмысына баруға тек "жасыл" мәртебесі бар азаматтар үшін рұқсат беріледі. Сонымен қатар, қонақтар санын белгіледік – "жасыл" аймақта – 100 адам, "сары" аймақта – 70 адам және "қызыл" аймақта – 50 адамнан аспауы тиіс», — деді А. Цой.
Естеріңізге сала кетейік, биыл 24 қыркүйекте жаңа қаулы шықты, оған сәйкес залды 50%-дан аспайтын толтырумен банкеттер мен мерейтойларды, қонақтар саны шектеулі отбасылық мерекелерді атап өтуге рұқсат етілді. Сонымен қатар, іс-шара өткізілетін тамақтандыру объектісінің қызметкерлерінің де, сондай-ақ қонақтарының да «жасыл» статусының болуы маңызды.