Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту жөніндегі шаралар қаралды

Үкіметте трансшекаралық хабтарды дамыту жөніндегі шаралар қаралды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында трансшекаралық хабтарды дамыту мәселесі қаралды. Онда сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, көлік министрі Нұрлан Сауранбаев, өнеркәсіп вице-министрі Иран Шархан, сондай-ақ бірқатар өңір басшылары баяндама жасады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Сауда министрлігінің мәліметінше, 2030 жылға дейінгі көлік-логистикалық әлеуетті дамыту тұжырымдамасы шеңберінде Жетісу, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Маңғыстау және Түркістан облыстарында шекара маңындағы сауда-экономикалық хабтар желісін құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда басқарушы компаниялар анықталды, техникалық құжаттама әзірленуде, инженерлік және өндірістік инфрақұрылым құрылысы жүзеге асырылуда, сондай-ақ шетелдік инвесторлар пулы қалыптастырылуда. Жоспарланған хабтардың аумағына теміржол және автомобиль жолдары жеткізілді.

Премьер-министр трансшекаралық хабтарды дамытудың стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан Орталық Азияның негізгі көлік торабына айналуы керек. Мемлекет басшысы алдымызға осындай міндет қойып отыр. Сондықтан сауда-логистикалық хабтарды құру – трансшекаралық экономикалық байланыстарды дамытудың маңызды стратегиялық бағыты. Қазір транзиттік бағыттар мен инвестициялар үшін бәсекелестік күшейіп келеді. Осыған орай бізге жерүсті көлік инфрақұрылымын, өнеркәсіптік кооперация мен сауда желілерін жедел дамыту қажет. Трансшекаралық хабтарды толық іске қосу жүк қозғалысын айтарлықтай қысқартып, өткізу қабілетін арттыруға, өндіріс көлемін, салық түсімдерін және экспортты ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жүйелі түрде қарайтын болсақ, бұл жобалар капитал мен жаңа өндірістерді тарту орталықтарына айналады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Осыған байланысты жұмыс қарқынын күшейтіп, барлық тараптардың өзара іс-қимылын айтарлықтай жақсарту қажет. Сауда министрлігі мүдделі мемлекеттік органдардың жұмысын тиімді үйлестіруі керек. Сондай-ақ жобалардың жүзеге асырылуына тұрақты мониторингті қамтамасыз ету де басты назарда.

Хабтардың инвестициялық тартымдылығын арттыруға көңіл бөлінуде. Ол үшін ең алдымен, бизнеске қолайлы жағдай жасау керек. Атап айтқанда, инженерлік инфрақұрылымның дайындығын қамтамасыз ету, арнайы экономикалық аймақтар құру, рәсімдердің ашықтығы және мемлекеттік органдар мен әкімдіктердің жедел әрекет етуі сияқты мәселелерді шешуге басымдық берген жөн. Хабтардың аумағында логистика, қоймалау, жүктерді тиеп-түсірумен ғана шектелмей, нақты өндірістер құрып, жұмыс орындарын ашу да маңызды.

Инвесторлармен жұмысқа да баса назар аударылған. Олар үшін жұмыс жағдайы болжамды, жылдам және әкімшілік кедергілер аз болғаны өте маңызды. Сервис деңгейі жоғары болған сайын, хабтардың аумақтары да резиденттермен тезірек толығып, экономикалық тиімділігі де арта түседі. Осыған байланысты инвесторлармен, операторлармен және өндірушілермен тұрақты диалог орнату қажет. Бірлескен жобалар өзара тиімді негізде жүзеге асырылуға тиіс.

Әкімдіктерге жер учаскелері, инженерлік желілер, жолдар мен теміржолдар сияқты базалық инфрақұрылымның қолжетімді болуы тапсырылды. Хабтардың орнықты жұмысы осыған байланысты болмақ. Туындаған барлық мәселелер шұғыл шешімін табуға тиіс.

Осыған орай Премьер-министр жауапты мемлекеттік органдарға бірқатар тапсырма берді.

  • Өнеркәсіп министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірлесіп, биылғы 20 желтоқсанға дейін Индустриялық сауда-логистика кешені мен «Еуразия» трансшекаралық сауда орталығы бойынша арнайы экономикалық аймақ құру тұжырымдамасын әзірлесін.
  • Көлік министрлігі Ақтау портында контейнерлік хаб құрылысының жобасын ерекше бақылауға алып, 2026 жылдың І тоқсанының соңына дейін жұмыс нәтижелері туралы баяндасын.
  • Сауда министрлігі трансшекаралық хабтарды дамыту саласында бірлескен жобаларды қалыптастырып, жүзеге асыру үшін әлеуетті инвесторлар іздестіру және тарту жұмысын жандандыруы қажет.

Бақылау мен үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғаринге жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті