Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ВАК-та «Дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясы анықталғаннан кейінгі қазіргі эпидемиологиялық жағдай талқыланды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) отырысы өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Шара барысында денсаулық сақтау министрі А. Цой «Дельта» штаммына тән COVID-19 мутациясы анықталғаннан кейінгі Қазақстандағы ағымдағы эпидемиологиялық жағдай туралы баяндады.

Эпидемиологиялық ахуалдың ушығуына байланысты вице-премьер облыс әкімдіктеріне «сары» аймақта орналасқан өңірлерде күшейтілген шектеу шараларын қабылдауды тапсырды.

Премьер-Министрдің орынбасары ел бойынша вакциналаудың жоғары қарқынына қарамастан, бүгінде Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында жүргізіліп жатқан жұмыс белсенділігінің төмен екенін атап өтті.

Сондай-ақ әкімдіктерге мобильді бригадалардың шығуын ұйымдастыру арқылы ауыл тұрғындарын вакциналау жұмыстарын күшейту тапсырылды.

Сонымен қатар Ералы Тоғжанов мониторинг топтарыының жұмысын күшейтуді тапсырды, олардың жұмысын әсіресе, Алматы, Атырау және Солтүстік Қазақстан облыстарында белсендендіру қажет.

«Ashyq» жобасына қатысатын бизнес субъектілерінің қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысына сәйкес, «Атамекен» ҰКП ұсынысы бойынша келушілердің статусын тексермейтін 464 нысанды жүйеден 2 аптаға алып тастау туралы шешім қабылданды.

Бұдан бөлек, әкімдіктерге келушілерінің тым аз саны тексерілген 2,4 мыңнан астам «Ashyq» қатысушыларын тексеру тапсырылды.

ВАК отырысында Ішкі істер министрлігінің бірінші орынбасары Марат Қожаев ПТР-тестілерді қолдан жасау және өткізу фактісі бойынша жыл басынан бері полиция органдары 23 қылмыстық іс, ал жалған вакцинация паспортын пайдалану фактісі бойынша 4 қылмыстық іс қозғалғанын баяндады.

Ералы Тоғжанов Ішкі істер министрлігіне ПТР-тест нәтижелерін және вакцинация паспортын қолдан жасаумен айналысатын адамдарды анықтау және жауапкершілікке тарту бойынша жұмысты күшейтуді тапсырды.

Жаңа оқу жылына дәстүрлі форматта дайындалу мақсатында ВАК төрағасы өңірлердің әкімдіктеріне білім беру мекемелерін алдын ала дайындап, қойылатын санитарлық талаптарға сәйкестігін тексеру қажеттігін айтты.

Отырыс соңында Премьер-Министрдің орынбасары өзге де бірқатар маңызды  тапсырмалар берді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді