Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Құлсарыда баланы түйе таптап тастаған

Құлсарыда баланы түйе таптап тастаған
Фото: бейнескриншот tengrinews.kz

Атырау облысында көпқабатты үйдің ауласында ойнап жүрген баланы түйе таптап тастаған. Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылыой ауданы әкімдігі мәліметінше, оқиға 26 қазанда Құлсарыдағы 3-ықшамауданда болған. Алайда оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде 29 қазанда тараған. Кадрларда баланың түйеден қашпақ болып жүгіріп бара жатқаны, бірақ сүрініп құлап, жануардың астында қалғаны көрінеді.

"Зардап шеккен балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді, қазір ол травматология бөлімінде ем алып жатыр", – деп хабарлады аудан әкімдігі.

Түйе арнайы оқшауланған алаңға қамалған. Қазір билік жануардың иесін анықтауға тырысып жатыр.

"Ветеринариялық инспекция мәліметінше, түйенің құлағындағы сырға Маңғыстау облысына тиесілі, алайда жануар дерекқорда тіркелмеген. Мамандар түйені тексеріп, одан ауру белгілері анықталмағанын айтты. Жануардың иесін анықтау жұмыстары көрші өңір мамандарымен бірлесіп жүргізіліп жатыр", – деп қорытындылады жергілікті атқарушы орган.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті