Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақордада өткен кездесуде Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сердар Бердімұхамедов саяси, экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған маңызды мәселелерді талқылады.
Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ: 
– Құрметті Президент Сердар Гурбангулыевич, Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен қош келдіңіз! Еліміз Түрікменстанды стратегиялық серіктес, бауырлас мемлекет, ең жақын шекаралас көрші санайды. Бізді ғасырлардан жалғасып келе жатқан достық, ортақ тарих, тіл мен мәдениет біріктіреді. Мемлекеттеріміз арасындағы сауда-саттық, экономикалық ықпалдастықтың басқа да түрлері және мәдени-гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Екі ел серіктестігінің ауқымы мен сапасына көңіліміз толады деп айтуға негіз бар. Бұл ынтымақтастық стратегиялық сипатқа ие. Дегенмен алға қадам басу қажет. Күн тәртібінде өте маңызды мәселелер тұр. Бүгін олардың шешімін бірлесіп табамыз деп ойлаймын, – деді Қазақстан Президенті.  
Сердар БЕРДІМҰХАМЕДОВ:
– Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, ең алдымен, Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапармен келуге шақырғаныңызға ризашылық білдіремін. Қазақ жерінде көрсеткен қонақжайлығыңыз бен сый-құрметіңіз үшін Өзімнің және делегация атынан алғыс айтамын. Сондай-ақ Сізге түрікмен халқының Ұлт көшбасшысы, құрметті Гурбангулы Мяликгулыевич Бердімұхамедовтің сәлемі мен ізгі тілегін жеткізуге рұқсат етіңіз. Бүгінде Түрікменстан мен Қазақстанның қарым-қатынасы достық, бауырластық және тату көршілік қағидаттары негізінде дамып келеді. Өзара ықпалдастығымыз саяси-дипломатиялық, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларды қамтиды, – деді Түрікменстан Президенті.
скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті