Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді

Олжас Бектенов Президент тапсырмалары аясында көлік саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектенов Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында авиациялық хабтар мен автожол саласын дамыту мәселелері бойынша кеңес өткізді. Онда Көлік, Қаржы, Энергетика, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктерінің басшылары, сондай-ақ Астана және Алматы қалаларының әкімдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министрге 2040 жылға қарай жаһандық әуе нарығын екі есеге арттыру жөніндегі әлемдік болжамдарды ескере отырып, алдағы 3 жылға арналған Азаматтық авиацияны дамыту жоспары ұсынылды. Халықаралық Азаматтық авиация ұйымының (ICAO) стандарттарына сәйкестіктің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге баса назар аударылды. ICAO аудитінің нәтижелеріне сәйкес, биыл бұл көрсеткіш Қазақстанда 95,7%-ды құрайды, бұл 72,01%-дық әлемдік және 87,92% болатын орташа еуропалық деңгейден көп.

Жоспарға сәйкес әуежай және навигациялық инфрақұрылымды жаңғырту, халықаралық және ішкі маршруттық желіні кеңейту бойынша ауқымды жұмыс көзделген. Бұдан бөлек, халықаралық оқу орталықтарын тарта отырып, әуе кемелері паркін ұлғайту және авиация саласы үшін мамандар даярлау жүйесін күшейту жоспарлануда.

Жиын барысында Астана және Алматы қалаларының әуежайлары базасында аэрохабтарды дамыту мәселелері талқыланды. Елордалық әуежайдың екінші ұшу-қону жолағын салу үшін жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеуге дайындық жүргізілуде. Әуе айлағын жаңғырту жүк және жолаушылар терминалдарын салуды, инфрақұрылымды жаңартуды және тағы да басқаларды көздейді. Алматы әуежайын жаңғырту бойынша Horizon стратегиялық бағдарламасын жүзеге асыру өткізу қабілетін арттыруды қамтамасыз етеді. Терминалдарды реконструкциялау, трафикті көбейту үшін ұшу-қону жолақтарын жаңғырту жоспарлануда. Әуежай базасында жүк және техникалық кластерлер мен сервистік экожүйе құрылатын болады.

Өңірлік байланысты нығайтуға бағытталған ішкі авиамаршруттарды субсидиялау мәселелері қаралды. Жалпы, осы жылдың 10 айында жолаушылар тасымалы көлемі 6%-ға өсіп, 13 млн жолаушыдан асты.

Жиынға қатысушылар азаматтық авиацияның туризмге, саудаға, өңірлік дамуға, инвестициялық тартымдылыққа және басқа да маңызды бағыттарға мультипликативтік әсерін атап өтті. Халықаралық бағалауларға сәйкес, саладағы әрбір 100 жұмыс орны экономиканың аралас секторларында 610-ға дейін қосымша жұмыс орындарын құрады.

ҚР жүк әлеуетін кеңейту үшін жүк тасымалын дамыту перспективалары белгіленді.

Премьер-министр Көлік министрлігіне Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі және  Қаржылық мониторинг агенттігімен бірлесіп авиаотын жеткізудегі тиімсіз делдалдар тізбегі бойынша жұмысты күшейтуді, сондай-ақ көлік саласында ағымдағы жобаларды жүзеге асыру және жаңа жобаларды іске қосу жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сонымен қатар жиында Көлік министрлігінің автожол құрылысы саласындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі тәсілдері қаралды. Жолдардың ағымдағы жағдайына және оларды жабынының сапасын одан әрі жақсартуға арналған құралдарға назар аударылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті