Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада қандай медициналық мекемелер ашылады

Астанада қандай медициналық мекемелер ашылады
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында жаңадан салынып жатқан медициналық мекемелер туралы жазды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Қаланы дамыту барысында әлеуметтік нысандардың құрылысына ерекше назар аударамыз. Медициналық мекемелердің құрылысымен таныстым. Соңғы жылдары елордада 21 медициналық нысан салынып, пайдалануға берілді. Олар – Ұлттық ғылыми онкология орталығы, Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы және қадамдық қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін емханалар жанындағы 19 филиал. Дегенмен, жыл сайын тұрғындар саны өсіп келе жатқандықтан, медициналық мекемелерге деген сұраныс та артып отыр. Біз медициналық нысандардың құрылысына жеке қаржыландыруды да тартып жатырмыз.

Жыл соңына дейін «Нұрлы жол» теміржол вокзалының жанында ауысым сайын 350 келушіден қабылдай алатын жекеменшік клиника ашу жоспарланып отыр. Бұл клиника тұрғындарға мемлекеттік тапсырыс бойынша қолжетімді медициналық көмек көрсетеді.

Келер жылы «Самұрық-Қазына» қорының қаражаты есебінен №2 қалалық көпсалалы ауруханада қабылдау-диагностикалық кешенінің, сондай-ақ Сарыарқа ауданында 250 орындық перинаталдық орталықтың құрылысы аяқталады деп күтіліп отыр.

Сол сияқты келесі жылы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығында балаларға арналған 200 орындық травматология орталығының құрылысы басталады.

Алдағы үш жылда барлығы 11 денсаулық сақтау нысанын салу жоспарланып отыр: Алматы ауданында перинаталдық орталық, жаңа заманауи көпсалалы аурухана, жаңа әрі толыққанды 6 емхана (екеуі – мемлекеттік) және жедел медициналық көмек көрсететін 3 қосалқы станция», – деп жазды Жеңіс Қасымбек.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті