Астаналық ауыратлет Едіге Емберді VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында үш жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
Ар-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан VI Ислам Ынтымақтастығы ойындарында Қазақстан қоржыны тағы үш жүлдемен толықты.
Жарыстың кезекті күнінде ауыр атлетикадан ерлер арасында 79 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Астана қаласының спортшысы Едіге Емберді серпе көтеруде 191 келіні еңсеріп күміске қол жеткізді. Ал жұлқа көтеруде 152 келіні бағындырса, қоссайыс қорытындысында 343 келіні басынан асырып, қос қолаға ие болды.