Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда такси жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған

Алматыда такси жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған
Фото: Polisia.kz

Алматыда такси жүргізушісі есірткіге мас күйде көлік басқарған, — деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Алматыда әкімшілік полицияның мамандандырылған батальонының қызметкерлері түнгі уақытта автокөлікті тоқтатты. Жүргізушінің күмәнді әрекеттері патрульдің назарын аударып, ол бірден сот-медициналық наркологиялық сараптамаға жіберілді. Медициналық тексеріс жүргізушінің есірткілік масаң күйде болғанын растады. Ол сол жерде-ақ көлік жүргізу құқығынан шеттетіліп, Бостандық аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Полиция қызметкерлері тиісті әкімшілік материалдарды рәсімдеп, шешім қабылдау үшін сотқа жолдады. Тексеру барысында ұсталған азаматтың жолаушыларды тасымалдаумен айналысқан жеке таксист екені анықталды.

— Мас күйде көлік жүргізу — заңды өрескел бұзу ғана емес, адамдардың өміріне тікелей қауіп төндіретін әрекет. Әсіресе мұндай жүргізушілер жолаушы тасымалдаумен айналысқанда, жағдай тіпті ауырлайды. Өйткені олар өздеріне сеніп мінген клиенттерге ғана емес, жолдағы барлық азаматқа қауіп төндіреді. Полиция “Заң және тәртіп” қағидатын берік ұстана отырып, мұндай фактілерді анықтауды және жолын кесуді жалғастыра береді, — деді Алматы қаласы ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Серік Шумаев. 

Алматыда полиция ірі мегаполистегі қозғалыс қарқыны жоғары екенін ескеріп, мас жүргізушілерді анықтау мен алдын алу жұмыстарын басты міндеттердің бірі ретінде жалғастыратынын еске салды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді