Атырауда жол үстіндегі тосын жағдайға байланысты бұзақылық бабымен қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
17 қарашада сағат 09:50 шамасында М.Баймұханов көшесі бойында Hyundai маркалы көліктің 24 жастағы жүргізушісі мен Toyota көлігінің 38 жастағы жүргізушісі бір-біріне жол бермей, келіспеушілік туындаған. Осылайша 38 жастағы жүргізушінің қолы сынған.
"Hyundai жүргізушісі №2 қалалық полиция бөлімінің жедел тергеу тобына жеткізілді. Оған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi жоқ немесе пайдалануға тыйым салынғаннан кейiн немесе белгiленген тәртiппен тiркелмеген көлiкті басқару, міндетті сақтандыру шартын жасамауы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік арнайы тұраққа қойылды", - деді Атырау облысы ПД өкілі.