Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Боччадан Қазақстан Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Астанада Боччадан Қазақстан Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды

Астанада Боччадан Қазақстан Кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дүбірлі додаға еліміздің 15 өңірінен келген 120-ға жуық параспортшы қатысты. Олар: Астана, Алматы, Шымкент қалалары және Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Жамбыл, Түркістан, Жетісу, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының өкілдері. Олардың қатарында Астана қаласының 14 спортшысы өнер көрсетті.

Ел кубогының марапаттау рәсіміне дене мүмкіндіктері шектеулі тұлғаларға арналған спорттық даярлау орталығы директорының орынбасары Лескен Елекеев, «Аңса» жеке қорының атқарушы директоры Мұрат Жұманбай, Қазақстан Бочча федерациясының вице-президенті Назым Жанғазинова қатысты.«Бүгін салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтіп жатыр. Бұл додада алтын, күміс, қола алғандар халықаралық жарыстарға қатысады. Сондай-ақ ең басты мақсат – 2028 жылы боччадан паралимпиадаға қатысу. Паралимпиада ішінде көптеген спорт түрі бар. Жарыстар 4 күн бойы өтті. Олар грамоталармен, медальдармен, кубоктармен марапатталады», - деді Назым Жанғазинова.

Жалпы командалық есепте Астана қаласының командасы екінші орын алды.Боччадан Қазақстан кубогы сайысының нәтижесінде жеңімпаздар ересектер мен жасөспірімдер арасында төрт дәреже бойынша анықталды.Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл жарыстардың басты мақсаты – елімізде бочча спортын дамыту мен танымал ету, спортшылардың шеберлігін арттыру және ұлттық құрама командасының сапын қалыптастыру.Айта кетейік, бочча – доп ойыны, тірек-қозғалыс аппаратының ең ауыр бұзылыстары бар балалар мен ересектерге өзін-өзі жетілдіруге мүмкіндік беретін бірнеше паралимпиадалық спорт түрінің бірі.Қазақстанда бочча спортының ресми дамуы 2021 жылы басталды. Дәл сол жылы «Қазақстан Бочча Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі құрылып, елімізді халықаралық аренада танытып, ұлттық чемпионаттар мен кубоктарды ұйымдастыруды қолға алды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті