Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада STEM олимпиада мен «Роботтар шайқасының» жеңімпаздары анықталды

Астанада STEM олимпиада мен «Роботтар шайқасының» жеңімпаздары анықталды
Фото: Астана қ.әкімдігі

Астанада «Білім берудегі инновациялар» атты халықаралық STEM олимпиада мен «Роботтар шайқасы» халықаралық сайысы өтті. Іс-шараға Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Түркия және Моңғолия елдерінен 85 команда құрамындағы 250-ден астам мектеп оқушысы қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қатысушылар елордаға өздерінің инженерлік жобаларын алып келіп, үш күн бойы робототехника, бағдарламалау, инженерия және 3D-модельдеу бағыттарындағы дағдыларын көрсетті. Бағдарламаға жарыстық тапсырмалар, жобаларды қорғау, сондай-ақ New Generation School және Nazarbayev University алаңдарында өткен екі күндік «Роботтар шайқасы» кезеңі кірді. Халықаралық STEM-олимпиада 2025 қорытындысы бойынша жеңімпаздар келесідей анықталды:• 1 орын – «SuperNOVA» командасы (Айлин Қуанышқызы, Яромир Гафнер, Кристина Романико);• 2 орын – «NamanganPM2» командасы (Искандар Содикджонов, Джахонгир Шох Авазхонов);• 3 орын – «3cotH» командасы (Александр Ермишкин, Мансур Асылбеков, Жалиль Сейтқали);• 4 орын – «FerganaPM1» командасы (Мухаммадрасул Каримов, Абдулахад Набиев);• 5 орын – «Infinity» командасы (Нұртас Назарбаев, Аслан Нысаналы, Ислам Екия).Бағдарламаның ең тартысты бөлігі «Роботтар шайқасы» сайысы болды. Командалар салмағы 15 килограмға дейінгі өздерінің жекпе-жек роботтарын таныстырып, конструкциялардың беріктігі, басқару дәлдігі және инженерлік шешімдердің тиімділігі бойынша сынға түсті.«Роботтар шайқасы» сайысының жеңімпаздары:• 1 орын – «Sycret Arts» командасы (Илья Амелин, Эмиль Хамидулин, Алихан Жаров);• 2 орын – «Victory» командасы (Эмиль Валитов, Темірлан Аман, Жахангир Аушакманов);• 3 орын – «B1mo» командасы (Нұрислам Албек, Самир Ахат, Абдурахман Елеуқан);• 4 орын – «Arasaka» командасы (Ерден Сиязбек, Алихан Максумхан, Аркат Хасанов).

Биыл алғаш рет олимпиада аясында командалардың тәлімгерлері арасында да арнайы конкурс өткізілді. Жұмыстарды кешенді бағалау нәтижесінде үш жеңімпаз анықталып, оларға дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Бұл конкурс оқушылардың инженерия мен технологияға деген қызығушылығы нақты нәтижелер мен шынайы жобаларға ұласуында педагогтардың шешуші рөл атқаратынын ерекше айқындап берді. Барлық бағыт бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер медальдармен, дипломдармен және серіктестердің арнайы сыйлықтарымен марапатталды. Оқушылар үшін олимпиадаға қатысу өздерін халықаралық деңгейде сынап көру, пікірлестер табу және әрі қарай дамуға жаңа серпін алу мүмкіндігіне айналды. Астанада STEM-олимпиадалар 2018 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді және осы уақыт ішінде техникалық ғылымдар саласындағы жас таланттарды қолдаудың негізгі алаңы ретінде қалыптасты. Мұндай іс-шаралар болашақ мамандарды ерте кезеңнен анықтап, олардың практикалық дағдыларын жүйелі түрде дамытуға ықпал етеді.

«STEM-олимпиада – бұл жай ғана жарыс емес, бұл – Астананың болашағы қалыптасатын орта. Бүгін оқушылар инженерия мен технологияларды игеріп жатса, ертең дәл солар қаланың игілігі үшін жұмыс істейтін шешімдерді жасайды. Біздің міндетіміз – оларды дәл қазір қолдау, өсуге мүмкіндік беру және идеялардың нақты жобаларға айналуына жағдай жасау», – деді «Астана Innovations» АҚ басқарма төрағасы Ғизат Әмірғали.

Іс-шараның ұйымдастырушылары Астана қаласының әкімдігі, «Астана Innovations» АҚ, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана дарыны» орталығы, Астана қаласы Білім басқармасы және «STEM Academia» ЖШС.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті