Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Үкіметте Қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды

Үкіметте Қалдықтардың барлық түрін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасы мақұлданды
Фото: primeminister.kz

Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында Қалдықтардың барлық түрлерін басқарудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасының жобасы мақұлданды. Құжат Мемлекет басшысының елдегі экологиялық жағдайды жақсарту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде әзірленді. Негізгі тәсілдер туралы Экология және табиғи ресурстар вице-министрі Жомарт Әлиев баяндады. Өңір әкімдері мен Ecojer салалық ұйымы өкілінің баяндамалары тыңдалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Премьер-министр қалдықтарды өңдеудің кешенді жүйесін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Бүгінгі таңда елімізде тұрмыстық қалдықтардың шамамен 25%-ы қайта өңделуде.

«Мемлекет басшысы еліміздегі экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында нақты шаралар қабылдау қажеттігін үнемі айтып келеді. Ол үшін қалдықтардың барлық түрін толықтай қайта өңдеу керек. Бізде ол тұрмыстық қалдықтардың жалпы көлемінің шамамен 25%-ын ғана құрап отыр. Осы мәселелерді шешу үшін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату жобалары іске асырылып жатыр. Қазір инвесторлар анықталып, олармен тиісті келісімдер жасалды. Алдағы уақытта бұл тәжірибе өзге аймақтарға да таратылады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Қалдықтарды басқару жүйесін жақсартуға жеңілдетілген қаржыландыру тетігі арқылы 185 млрд теңге қарастырылған, мақұлданған 60 жобаның 22-сіне қаржы бөлінді, Экология министрлігіне әкімдіктермен бірге осы жобаларды жүзеге асыру бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды.

Премьер-министр өнеркәсіптік, медициналық және басқа да қалдықтарға қатысты тиісті шешім қабылдау керектігін атап өтті. Қалдықтардың барлық түрін басқару тұжырымдамасын жүзеге асыру экологиялық  және санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін нақты бақылау мен болжам жасау жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді. Бұл қайта өңдеу және қайта пайдалануға бағытталған қалдықтарды басқару саласының дамуын ынталандырады.

Аталған тәсіл Президенттің табиғатты аялау жөніндегі экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған «Таза Қазақстан» бастамасының талаптарына сай келетіні атап өтілді.

Саланы цифрландыруға, қалдықтардың цифрлық есебін жүргізуге, олардың қозғалысын, жинақталуын және кәдеге жаратылуын бақылауға назар аударылды.

Бұдан бөлек, қалдықтарды басқару саласының жоғары инвестициялық әлеуеті атап өтілді. Қалдықтарды жинақтаудан біртіндеп тұйық циклді экономикаға көшіп жатқан, бұл өз кезегінде, электр энергиясын өндіруге және өндірісте қайта пайдалануға болатын шикізат алуға мүмкіндік беретін әлемнің көптеген дамыған елдері мысал ретінде келтірілді.

Жалпы, Тұжырымдама қалыптасқан тәсілдерді өзгертіп, саланың инвестициялық әлеуетін арттыруды және қолданыстағы инфрақұрылымды жаңғыртуды қамтамасыз етеді.

Отырыс барысында Премьер-министр Экология министрлігіне бірқатар тапсырма берді. Атап айтқанда, ведомствоға мемлекеттік органдармен және өңірлердің әкімдіктерімен бірлесіп Тұжырымдама мен іс-қимыл жоспарының іс-шараларын уақтылы жүзеге асыруды қамтамасыз ету және келесі жылы Астана, Алматы және Шымкент қалаларында қалдықтарды энергетикалық кәдеге жарату зауыттарының құрылысын бастау тапсырылды. Сондай-ақ экологиялық төлемдер есебінен қалдықтарды жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату инфрақұрылымын құру мен қаржыландыру жөнінде шаралар қабылдау қажет.

Үйлестіру Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға жүктелді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті