Жапонияның астанасы Токиода өтіп жатқан XXV жазғы Сурдлимпиада ойындарында сурдо дзюдодан жарыстар басталды. Айтулы додада екі астаналық спортшы сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан қоржынына қос бірдей медаль салды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
70 кг салмақ дәрежесінде елордалық спортшы Әмина Файзуллина финалда украиналық Марина Похореловамен белдесіп, қарсыласын айқын басымдықпен жеңіп, Сурдлимпиада чемпионы атанды. Бұл – 18 жастағы Әминаның халықаралық деңгейдегі алғашқы жарқын жеңісі.Ал +100 кг аса ауыр салмақ санатында өнер көрсеткен астаналық спортшысы Сабыржан Хапизов украиналық Володимир Маклаковты ұтып, Сурдлимпиаданың екі дүркін қола жүлдегері атанды.Есту қабілеті зақымданған спортшылар арасында төрт жылда бір өтетін дүбірлі дода биыл ерекше тарихи мәнге ие – Сурдлимпиадалық қозғалыстың 100 жылдығымен тұспа-тұс келді. Ойындарға 81 елден 3000-ға жуық спортшы қатысып, 21 спорт түрінен 209 дисциплина бойынша сынға түсуде.Қазақстан ұлттық құрамасы биылғы жарыстарға 78 спортшымен қатысып, 8 спорт түрінде ел намысын қорғауда. Олардың қатарында Астана қаласынан 5 спортшы бар, және олар 4 түрлі спорт түрі бойынша бақ сынайды.Бүгін, 18:13
Елордалық сурдо-балуандар Жапонияда өткен турнирдің алғашқы күнінде екі медаль жеңіп алды
Фото: Астана қ.әкімдігі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз