Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2021 ж. қыркүйекте Қазақстанда вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салу аяқталады

ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай қаралды, деп хабарлайды kazlenta.kz.


Қазіргі жағдай, халықты вакцинациялау барысы және Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, Алматы облысының әкімі Амандық Баталов, Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов, Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин баяндады.


Республика бойынша вирустың репродуктивтілік көрсеткіші 1,16 құрайды. Инфекциялық төсек-орындар жүктемесі – 36%, реанимациялық төсек-орындар жүктемесі – 22%. 


Қазіргі уақытта COVID-19 таралу қарқыны бойынша «қызыл аймақта» – Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары, Атырау, Ақтөбе, Алматы, Батыс Қазақстан және Ақмола облыстары, «сары аймақта» – Шымкент қаласы және Қарағанды облысы. Барлық қалған өңірлер – «жасыл аймақта».


Премьер-Министр Үкіметтің сырқаттанушылық деңгейін төмендету мен вакцина алғандардың санын арттыру жөнінде жедел шаралар қабылдап жатқанын атап өтті. 


Биылғы сәуір айынан бастап өңірлерде ай сайын 2 млн адамды вакцинациялау қамтамасыз етіледі. Денсаулық сақтау министрлігі вакцинациялау бойынша нақты жоспар әзірледі. 


«Қыркүйек айында вакцинациялауға жататын 10 млн адамға вакцина салуды аяқтауды жоспарлап отырмыз. Содан кейін ұжымдық иммунитеттің жинақтаушы әсері күтіледі», — деді А. Мамин.


Үкімет басшысы денсаулық сақтау жүйесі дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың қажетті көлемімен толық қамтамасыз етілгенін атап өтті. Ауруханаларда дәрі-дәрмектердің бір айлық қоры бар, ал «СҚ «Фармация» қоймаларында және дәріханаларда 2 айлық қор жасалды. 


Сонымен қатар, барлық өңірлерде дәрі-дәрмектер, жеке қорғаныс құралдары мен шприцтері бар 3 айлық тұрақтандыру қорлары құрылды.


«Жалпы, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың барлық тапсырмаларын орындау бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде», — деді А. Мамин.


Премьер-Министр Денсаулық сақтау министрлігіне, әкімдіктерге «қызыл аймақтағы» өңірлерде вакцина алатындардың санын арттыру бойынша шаралар қабылдауды және қабылданған жоспарға сәйкес вакцинаны жеткізуді қамтамасыз етуді тапсырды.

 

Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен, әкімдіктермен бірлесіп вакцинациялаудың маңыздылығы туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кеңінен жүргізу тапсырылды. 


Денсаулық сақтау, цифрландыру, ішкі істер министрліктеріне, «Атамекен» ҰКП, өңірлердің әкімдіктеріне осы жылдың сәуір айының соңына дейін бизнес субъектілерінің қызметін қалпына келтіру және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу үшін «адамдардың шоғырлану орындарын анықтау карталарын» енгізу мен мобильді мониторингтеу топтарының тиімділігін жақсарту мақсатында барлық өңірлерге «Ashyq» жобасын кезең-кезеңімен енгізу тапсырылды.  

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Костенко шахтасындағы апат: Әнші Димаш жас баласы бар 20 отбасыға 20 миллион теңге аударды
Мультимедиа
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті
Алматы Халықаралық әуежайының жаңа терминалы 87% дайын