Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Талдықорғанда полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарып қалды

Талдықорғанда полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарып қалды
Фото: Polisia.kz

Талдықорғанда полицейлер өртеніп жатқан үйден ер адамды құтқарды, – деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Кешкі уақытта полицейлерге көршілердің шулағаны туралы хабар түскен. Хабар түскен бойда шақыру бойынша қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің полицейлері Темірлан Қажыханұлы мен Мақсат Сейтберлі оқиға орнына аттанды. Тәртіп сақшылары "Жастар-3" ықшамауданына келген сәтте, үйлердің бірінің шатыры отқа оранғанын байқады. Көршілердің айтуынша, үйдің ішінде ер адам болған. 

Полиция қызметкері Темірлан Қажыханұлы үйдің шатырына көтеріліп, қою түтін мен жалын арасынан ер адамды байқады. Тұрғынды қолына көтеріп алып, өртеніп жатқан шатырдан секіріп түсті. Әрбір секундтың қымбат екенін түсінген полицей жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер келгенше ер адамның жағдайын бақылауда ұстады. Оның батыл әрекетінің арқасында бір адам өмірі аман қалды. Полицей жеңіл түрде түтіннен уланса да, ауруханаға жатудан бас тартып, қызметін жалғастыруды жөн көрді. Тілсіз жаудан аман қалған ер адам қазір дәрігерлердің бақылауында. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Бұл оқиға – жай ғана батылдықтың көрінісі емес. Бұл – адал борыштың, ерліктің және халыққа қызмет етудің нағыз үлгісі.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті