Алматыда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейтілуде. 2026 жылы 387 953 шаршы метр аумақ гүлмен безендіріледі. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 77%-ға көп, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Негізгі бөлігі көпжылдық гүлзарлар мен бұталардан тұрады (72%), ал 28%-ы біржылдық өсімдіктерге тиесілі. Сонымен қатар қалада тік көгалдандырудың шамамен 10 мыңға жуық құрылымы орнатылады. Гүл композициялары магистральдық көшелер бойында, саябақтарда, скверлерде және жүргінші аймақтарында егілді. Көлік тораптары мен жолдардың бөлгіш жолақтарына ерекше назар аударылады. Бағдарлама қаланың барлық ауданын қамтып, экологиялық ахуалды жақсартуға және алматылықтар үшін қолайлы қалалық орта қалыптастыруға бағытталған.Бүгін, 16:51
Алматыда сәндік көгалдандыру ауқымы кеңейтіледі
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз