Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қаладағы көгалдандыру және гүлмен безендіружұмыстарының барысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Биыл Алматыда көгалдандыру көлемі едәуір ұлғайтылады. Егер өткен жылы жұмыстар 219 мың шаршы метр аумақты қамтыса, биыл бұл көрсеткіш 77%-ға артады. Негізгі басымдық көпжылдық гүлзарларға, гүлдейтін бұталарға және тік көгалдандыруды дамытуға беріледі. Жұмыстар қала бойынша жүйелі түрде жүргізілуде: егу 30 көлік жолайрығында, 19 саябақ пен скверде, сондай-ақ өзге де қоғамдық кеңістіктерде ұйымдастырылған. Сонымен қатар әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандардың аумақтары да қосымша көгалдандырылады.
Көгалдандырудың сапасы мен күтіміне ерекше назар аударылуда. Әрбір учаске егу және жасыл желектерді күтіп-ұстауға жауапты мердігер ұйымдарға бекітілген. Өсімдіктердің жойылуы немесе қурауы жағдайында оларды міндетті түрде қалпына келтіру қарастырылған.Әрбір нысан бойынша көгалдандыруды сақтау және дамыту үшін қажетті шаралар қабылдануда.