Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Таза парақ» тетігі: бизнесті жабудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді

«Таза парақ» тетігі: бизнесті жабудың жаңа жеңілдетілген тәртібі енгізілді
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше, Қазақстанда микро және шағын бизнес субъектілері үшін қызметін тоқтату тәртібі жеңілдетілген. «Таза парақ» тетігі шеңберінде белгілі бір шарттар сақталған жағдайда бизнесті камералдық бақылаусыз жабуға мүмкіндік беріледі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.


Аталған тәртіп мына талаптар бойынша жүргізіледі:
• ҚҚС бойынша тіркеу есебінде болмау;
• салықтар мен әлеуметтік төлемдер бойынша берешегі жоқ;
• жекелеген қызмет түрлері бойынша тіркелмеген.

Көрсетілген шарттар сақталған жағдайда қызметін тоқтату кезінде камералдық бақылау жүргізілмейді. Бұл ереже есептілік 2025 жылғы 17 желтоқсанға дейін тапсырылған және 2026 жылғы 1 қаңтарға дейінгі салық кезеңдеріне қатысты болған жағдайда қолданылады.

Рәсімді аяқтау үшін салық органына мына құжаттарды ұсыну қажет:
• қызметті тоқтату туралы өтініш;
• таратуға байланысты салық есептілігі;
• бақылау-кассалық машинаны (БКМ) есептен шығару туралы өтініш.

Ведомствода жеңілдетілген тәртіп тек белгіленген талаптар толық сақталған жағдайда ғана қолданылатыны атап өтілді.

Шарттар сақталмаған жағдайда қызметті тоқтату камералдық бақылау жүргізу арқылы жалпы тәртіппен жүзеге асырылады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады