Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы дезинсекцияның бірінші кезеңі басталды

Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы дезинсекцияның бірінші кезеңі басталды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада маса, шыбын-шіркей және өзге де жәндіктерге қарсы ауқымды дезинсекциялық жұмыстар жүргізілуде. Іс-шаралар екі ауысымда өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Сәуір айының басында су айдындарын өңдеудің бірінші кезеңі басталды. Қазіргі таңда маса дернәсілдері анықталған 8600 гектар су айдыны өңделді.

Су айдындарын өңдеу аяқталған соң, 27-29 сәуір аралығында қаланың орталық бөлігін жаппай өңдеу басталады. Жұмыстар алдымен орталықтан басталып, кейін шет аймақтарға қарай ығыстыру әдісімен жүргізіледі, қатарынан қорғаныс белдеуі қалыптастырылады.

Дезинсекция түнгі уақытта – сағат 21:00-ден 04:00-ге дейін жүргізіледі. Әр кезең айына 20 күнге созылады, жалпы алты кезең жоспарланған. Мамандардың айтуынша, масалар экожүйенің бір бөлігі болғандықтан, оларды толық жою көзделмейді, алайда жүргізілетін шаралар олардың санын 90%-ға дейін азайтуға мүмкіндік береді.

Жұмыстар барысында механикалық роторлы бүріккіштер, дезинсекциялық техникалар, қамысты және жетуі қиын аумақтарды өңдеуге арналған квадрокоптерлер, ал ірі су айдындарында арнайы жабдықталған қайықтар пайдаланылады.

Ауқымды жұмыстарға 150-ден астам арнайы дайындықтан өткен дезинфектор жұмылдырылған. Сонымен қатар басқарушы компаниялар, ПИК, МИБ, сондай-ақ білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт нысандары, базарлар мен сауда үйлері жертөлелерді құрғату, аумақтарды абаттандыру және қосымша дезинсекция жүргізу арқылы бұл шараларға атсалысуы қажет.

Дезинсекция кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау маңызды: өңделіп жатқан аумақтарға бармаған жөн және жұмыстар жүргізілген кезде терезелерді жабу қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді