Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Елордада масаға, шыбын-шіркейге және кеміргіштерге қарсы күрес қалай жүріп жатыр

Елордада масаға, шыбын-шіркейге және кеміргіштерге қарсы күрес қалай жүріп жатыр
Фото: Астана қ.әкімдігі

Елордада ауа райы жылынған күннен бастап қан соратын жәндіктерге қарсы күрес күшейді. Сол себепті сәуір-қазан айлары аралығында Астана қаласында және оның маңында ауа райын ескере отырып, тиісті іс-шаралар жүріп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қалалық әкімдіктің ресми сайтына сілтеме жасап.

Дезинсекциялық жұмыстар ай сайын (сәуір-қазан) 15 күн ішінде 6 тур бойынша жүргізіледі, бұл жұмысқа 100-ге жуық адам, арнайы көлік, термогенераторлар жұмылдырылады.Ай сайын ашық стациялар (саябақтар, гүлзарлар, көшелер, тұрғын алаптар, өзендер мен каналдардың жағалауы), сондай-ақ 120-дан астам тұрақты және 100-ден астам уақытша су айдындары өңделеді.23 сәуірден бастап бірінші тур бойынша өңдеу басталды.

Бұл жұмыс барысында кіші Талдыкөл, таяз су айдындары мен батпақты учаскелер, сондай-ақ айналма жол бойындағы және т.б. орындар өңделді. Барлығы 500 гектар аумақ өңделді.28 сәуірде Тұран-Сығанақ-Түркістан-Достық-Тұран аумағын, Тәшенов көшесі бойымен Ақбұлаққа қарай Амман көшесіне дейінгі бағытты есепке алғанда, саябақтар, қала орталығының ашық станцияларын өңдеу басталды.Айта кету керек, дернәсіл сатысында су қоймаларындағы фауна мен флораға зиян келтірмейтін биологиялық препараттар қолданылады. Жеке сектор (тұрғын алаптар) және ашық аумақтар (саябақ, өзендер, су айдындары, каналдар, зираттар) өңдеуге жатады.Жеке сектор тұрғындарына арнайы уландыру дәрілері тегін таратылады, сондай-ақ қауіпсіздік нұсқамасы беріледі.

Мамандар 14-30 сәуір аралығында 30 мыңға жуық үйді аралап шықты.1 мамырдан 1 маусымға дейін 3 264 гектар аумақтағы саябақтарды, өзен маңын, су айдындарын, каналдар мен зираттарды қоса алғанда, ашық стациялар өңделеді. Бүгінгі таңда 476 га өңделді.Мұндай шаралар кеміргіштер санын азайту және аса қауіпті жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау үшін қажет.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді