Синоптиктер ауа райының қолайсыз болатынын ескертеді. Бүгін, 26 қыркүйекте Астана мен Шымкентте жауын-шашын күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет. 
Алматыда ауа райы болжамы бойынша бүгін жауын-шашын жоқ, термометр бағаны +29...+31 градусқа дейін көтеріліп, желдің жылдамдығы 3-8 м/с дейін жетеді. Астанада найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтіледі. Синоптиктер ауа температурасының күрт төмендеуін, яғни +19...+21 градус болатынын болжап отыр. Сондай-ақ елордада желдің жылдамдығы 9-14 м/с дейін күшеюі мүмкін, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жететіні ескертілді. Шымкентте де қолайсыз ауа райы күтілуде. Қалада найзағай ойнап, жаңбыр жаууы мүмкін. Желдің жылдамдығы 8-13 м/с, кей жерлерде 15-20 м/с дейін жетуі мүмкін. Термометр бағаны күндіз +30...+32 градусты көрсетеді.        
        
        
    
  	
         
         
         26-09-2022, 09:07
        
          
        
    Дүйсенбіде еліміздің ірі қалаларында ауа райы қандай болады
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз