Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада жазғы веломаусым 25 сәуір күні бастау алады

Астанада жазғы веломаусым 25 сәуір күні бастау алады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада 25 сәуір күні жазғы веломаусымның ресми ашылуы өтеді. Іс-шара «Таза Қазақстан» республикалық акциясы мен «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ашылу аясында қалада велошеру өтеді. Маршруттың ұзындығы – 21 шақырым. Оған қатысушылар веложолдың айналма бағытымен Қосшы бағытында жүріп өтіп, Үркер тұрғын алабындағы «Жасыл белдеу» саябағында мәреге жетеді.

Қатысушыларды тіркеу 25 сәуір күні сағат 07:30-09:00 аралығында жүргізіледі. Велошерудің басталуы – 09:00-де. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар саны 700 адамға дейін жетеді.

«Биылғы дәстүрлі шара «Таза Қазақстан» және «Заң мен тәртіп» республикалық акциялары аясында өтеді. Қала көшелерінде көлік қозғалысына шектеу болмайды, себебі іс-шара саябақ аумағында ұйымдастырылады. Қатысуға барлық жастағы қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Қатысу тегін, тек өз велосипедімен келуі қажет. Бұл тек велошеру ғана емес, салауатты өмір салтын насихаттау, қоғамды біріктіру және экологиялық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды іс-шара», – деді Астана қаласы Дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Мадина Айтқалиева.

Іс-шара соңында тіркелген қатысушылар арасында бағалы сыйлықтар ойнатылады. Велошеруді Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы елорда әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады