Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада камералар жүргізушінің телефон қолданып, қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтайды

Астанада камералар жүргізушінің телефон қолданып, қауіпсіздік белдігін тақпағанын анықтайды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада жол қауіпсіздігін арттыру мақсатында жасанды интеллектке негізделген жүйелер енгізілуде. Елордада Astana Smart City жобасы аясында жол қозғалысы ережелерінің жаңа түрдегі бұзушылықтарын анықтайтын AI-видеосараптаманың кеңейтілген мүмкіндіктері іске қосылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа алгоритмдер автоматты түрде көлік жүргізу кезінде телефон қолдану, қауіпсіздік белдігін тақпау және жол қауіпсіздігіне әсер ететін басқа да факторларды анықтай алады. Қазіргі уақытта бұл бұзушылықтар тестілік режимде тіркеліп жатыр. Жүйе компьютерлік көру және машиналық оқыту технологияларына негізделіп, жоғары дәлдік пен жеделдікті қамтамасыз етеді.

Дәстүрлі жүйелерден айырмашылығы, жаңа AI-камералар тек жекелеген құқық бұзушылықтарды тіркеумен шектелмей, қалалық және мемлекеттік ақпараттық жүйелермен біріктірілген бірыңғай цифрлық платформаның бір бөлігі болып саналады. Бұл жол жағдайын кешенді талдауға және көлік ағындарын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.

Жоба аясында ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтау мәселесіне ерекше көңіл бөлініп жатыр. Жүйе қажетті сертификаттау рәсімдерінен өтіп, кезең-кезеңімен енгізілуде.Аталған шешімдер жол-көлік оқиғаларының санын азайтуға, жүргізушілердің тәртібін арттыруға және қала тұрғындары үшін қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Halyk Bank қызметкерлері «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысты
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады