2026 жылғы 18 сәуірде Жерде G1 деңгейіндегі магниттік дауыл басталды. Белсенді кезеңі бірнеше күнге созылып, жалпы геомагниттік тұрақсыздық бір аптаға дейін жалғасуы мүмкін, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазіргі уақытта магниттік дауыл ең төменгі G1 деңгейінде тіркеліп отыр. Геомагниттік жағдайдың тұрақсыздығы шамамен бір аптаға созылуы ықтимал. Ал ең белсенді кезеңі алдағы 1–2 күнге, яғни демалыс күндеріне сәйкес келеді. Осы уақытта қысқа мерзімді күшеюлер G2 деңгейіне дейін жетуі мүмкін. Алайда одан да күшті дауылдардың болуы екіталай, деп мәлімдеді Ресейдің Күн астрономиясы зертханасының мамандары.
Кешке қарай, егер аспан ашық болса, полярлық шұғыла (солтүстік шұғыласы) байқалуы мүмкін. Әсіресе бұл құбылыс солтүстік және солтүстік-батыс аймақтарда көрінуі ықтимал. Дегенмен, оның көрінуі геомагниттік белсенділіктің нақты деңгейіне байланысты болады.