Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделіп отыр

Алматыда жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделіп отыр
Фото: ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі

«Мемсараптама» РМК «Алматы қаласы, Алатау ауданы, Саялы шағынауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу» жобасына оң қорытынды берді. Жоба қаланың спорттық инфрақұрылымын дамытуға және тұрғындардың бұқаралық спорт және дене шынықтырумен айналысуына заман талабына сай жағдай жасауға бағытталған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне сілтеме жасап.

Нысанды іске асыру жұртшылықтың спортқа қатысты қызметтерге қолжетімділігін арттырып, Алатау ауданы тұрғындары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.

Жобаға сәйкес, кешен құрамында әртүрлі спорт түрлеріне арналған залдар болады: спорт және көркем гимнастика залдары – әрқайсысы 80 орыннан; каратэ (таэквондо), бокс, грек-рим және еркін күрес, дзюдо залдары – әрқайсысы 34 орыннан, сондай-ақ 41 орынға арналған әкімшілік үй-жайлар көзделген. Аталған үй-жайлардың жалпы сыйымдылығы 473 орынды құрайды, қосымша 136 көрерменге арналған орын қарастырылған.Сондай-ақ 112 орынға арналған су спорты түрлері залы және 204 көрерменге арналған трибуналар жобаланған.

Дене шынықтыру-сауықтыру кешені бір ауысымда 408 адамды қабылдай алады, ал бір мезгілдегі сыйымдылығы – 821 адам. Жобаның тапсырыс берушісі — «Алматы қалалық құрылыс басқармасы» КММ. Бас жобалаушы — «КАПРЕМПРОЕКТ» ЖШС.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады