Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар мемлекет елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Ақордада төрт мемлекеттің төтенше және өкілетті елшісінің Қазақстан Президентіне сенім грамоталарын тапсыру рәсімі өтті.

Сенім грамоталарын Кувейт Мемлекетінің елшісі Адель Ахмед Сулайман Әл Гунайман, Моңғолия елшісі Гунаажавын Батжаргал, Монако Княздігінің елшісі Мирей Мартини және Эль-Сальвадор Республикасының елшісі Юрий Павел Сантакрус Пердомо тапсырды.

Мемлекет басшысы дипломаттарды Қазақстандағы миссияларының ресми түрде басталуымен құттықтап, олардың екіжақты ынтымақтастықты дамытуға елеулі үлес қосатынына сенім білдірді.

Президент елімізде ауқымды реформалар іске асырылып жатқанына тоқталды.

– 15 наурызда жаңа, мазмұны жағынан прогрессивті Конституция қабылдау бойынша референдум өтті. Біз «Заң мен тәртіп» қағидатына негізделген Әділетті Қазақстанды құрып жатырмыз. Білім, инновация және жасанды интеллектіні өрістетуді мақсат еткен мемлекет болуды көздейміз. Биыл елімізде Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жарияланды. Осы аса маңызды салада жетістікке жету үшін барлық жағдайды жасаймыз, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан барлық елдермен конструктивті әрі өзара тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталған бейбіт және теңгерімді сыртқы саясат жүргізетінін атап өтті.

– Қазақстанда елдеріңіздің мүддесіне сай келетін мүмкіндік мол екеніне сенімдімін. Келесі аптаның жұмыс кестесі өте тығыз болмақ. Моңғолия Президенті сапармен келеді. Астанада БҰҰ аясында Өңірлік экологиялық саммит ұйымдастырылады. Сондай-ақ Халықаралық Аралды құтқару қорына мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысын өткіземіз. Еліміздегі уақиғаларды мұқият саралап, өзара ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосасыздар деп үміттенемін. Біздің мақсатымыз – ашық нарықтық экономиканы дамыту. Шетелден инвестиция келуіне мүдделіміз. Қазақстан басты халықаралық қаржы институттарымен және ұйымдармен тығыз байланыс орнатқан, – деді Мемлекет басшысы.

Іс-шара соңында Қасым-Жомарт Тоқаев елшілерге табыс тілеп, олардың мемлекеттер басшыларына ізгі сәлемін жолдады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады