Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Беларусь сыртқы істер министрі Максим Рыженковты қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ-белорус стратегиялық серіктестігінің қарқыны жоғары екенін атап өтті.

– Біз Сіздермен барлық салада ынтымақтастықты дамытуға айрықша назар аударамыз. Беларусь мемлекеттілігіне, оның төл мәдениеті мен тарихына құрметпен қараймыз. Ықпалдастығымыз, әсіресе, экономикалық салада дәйекті түрде дамып келеді деп айтуға толық негіз бар. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Беларусь мемлекетінің басшысы Александр Григорьевич Лукашенкоға ыстық ықыласымды жолдаймын. Биыл мамыр айында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысын өткіземіз. Сол кезде көпжақты күн тәртібінен бөлек, елдеріміз арасындағы ынтымақтастықты дамытуға байланысты басқа да мәселелерді міндетті түрде талқылаймыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев белсенді әрі өзара сенімге құрылған диалогты жалғастыру, сондай-ақ жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру қажеттілігіне тоқталды.

Беларусь сыртқы істер министрі арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Президент Александр Лукашенконың ізгі сәлемін жеткізді.

– Ең әуелі Президентіміз Александр Григорьевич Лукашенконың атынан Сіздерге мемлекетті өркендету, Қазақстанның заманауи келбетін қалыптастыру және азаматтардың әл-ауқатын арттыру ісінде толайым табыс тілеймін. Қазақстанның бүгінгі саясатының түп негізінде қарапайым адамның, халықтың және мемлекеттің мүддесі жатқанын атап өткім келеді. Мұндай әлеуметтік саясат елдерімізді жақындастырып, барлық бағыттағы байланыстарымызды бекемдей түседі. Ал мемлекеттер басшылары арасындағы жеке қарым-қатынас бәрімізге үлгі. Өзара ықпалдастықтың барлық деңгейінде Сіздердің қолдауларыңызды сезініп отырамыз, – деді Максим Рыженков.

Әңгімелесу барысында өнеркәсіп кооперациясы, көлік, ауыл шаруашылығы, туризм және басқа да бағыттар бойынша ынтымақтастықты тереңдетудің маңызы атап өтілді. Қазақстан өнімдерінің экспортын ұлғайту мәселесіне ерекше назар аударылды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы тауар айналымы 30 пайызға артып, 1,2 миллиард долларды құраған.

Қазақстан Президенті Алматы қаласында Беларусь Республикасының Бас консулдығын ашу жоспарын құптап, бұл мемлекеттеріміздің аймақтары арасындағы байланысты кеңейте түсетініне сенім білдірді.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев пен Максим Рыженков өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады