Сингапурда Алматы балалар ғылыми музейін ашу мәселесі талқыланды. Жоба аяқталуға жақын. 2026 жылы маусымда ашылатын музей Орталық Азиядағы халықаралық деңгейдегі алғашқы балалар ғылыми орталығы болмақ, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Science Centre Singapore және Kingsmen Creatives Ltd серіктестерімен өткен кездесуде экспозиция әзірлеу және музей қызметкерлерін оқыту жайы қаралды. Қазіргі таңда 130-дан астам білім беру бағдарламасы дайын. Балалардың ғылыми сауатын арттыруды көздейтін экспозиция ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып бейімделген. Алматылық балалар үшін жаңа білім беру кеңістігіне айналатын жоба халықаралық әріптестік аясында жүзеге асырылып жатыр.