Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды

Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы іске қосылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Биыл наурыз айынан бастап Алматы кітапханаларының мобильді қосымшасы ресми түрде іске қосылды. Бұл оқырмандарға білімге қолжетімділіктің жаңа мүмкіндіктерін ұсынатын заманауи цифрлық сервис. Қосымша алғаш рет Наурыз мерекесіне орай өткен «KitapFest-2026» кітап фестивалінде көпшілік назарына ұсынылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жаңа қосымша пайдаланушыларға кітапхана қызметтерін цифрлық форматта ыңғайлы түрде пайдалануға жол ашады. Енді оқырмандар оқырман билетін онлайн рәсімдеп, кітап қорымен қашықтан таныса алады. Сонымен қатар, тіркелген қолданушылар өткізілетін іс-шаралар мен әдеби жаңалықтар туралы ақпарат алып отырады. Геолокация функциясы арқылы өзіне ең жақын кітапхананы оңай анықтай алады.

Қосымша арқылы рәсімделген электрондық оқырман билеті барлық филиалда жарамды және өзін-өзі қызмет көрсету құрылғыларында қолдануға болады.

Бұған қоса, кітаптарды үйге жеткізу қызметі де мобильді қосымша арқылы қолжетімді. Бұл қызмет мүмкіндігі шектеулі азаматтарға тегін ұсынылып, олардың ақпаратқа тең қол жеткізуін қамтамасыз етеді.

Қосымшаны дамыту кезең-кезеңімен жүзеге асырылады: бастапқыда тек Android жүйесінде қолжетімді болған сервис 6 сәуірден бастап iOS операциялық жүйесін пайдаланушылар үшін де қолжетімді болды.

Осылайша, кітапхана қызметі бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. Енді оларды кез келген уақытта мобильді қосымша арқылы пайдалануға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады