Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шанхай қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай Халық Үкіметінің төрағасы Гун Чжэньмен кездесті

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шанхай қаласы Партия комитеті хатшысының орынбасары, Шанхай Халық Үкіметінің төрағасы Гун Чжэньмен кездесті
Фото: primeminister.kz

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Шанхай делегациясының Қазақстанға сапары аясында Шанхай қаласының Халық үкіметінің төрағасы Гун Чжэнмен кездесу өткізді. Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен оны тереңдету перспективаларын талқылады, сондай-ақ ірі мегаполистер деңгейіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздер барысында екі мемлекет көшбасшыларының дипломатиясының арқасында қазақ-қытай қатынастары бұрын-соңды болмаған жоғары деңгейде екендігі атап өтілді. Роман Скляр Шанхайдың инновациялар, қаржы және «жасыл» энергетика саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі ретіндегі жоғары әлеуетін атап өтіп, екі елдің қаржы және іскерлік орталықтары арасындағы практикалық әріптестікті кеңейтудің маңыздылығын атап өтті.

Өз кезегінде Гун Чжэн Шанхай компанияларының Қазақстанда бірлескен жобаларды, соның ішінде машина жасау, логистика, жоғары технологиялар және цифрландыру салаларында жүзеге асыруға қызығушылығын растады.

ҚР Премьер-министірінің бірінші орынбасары Алматы мен Шанхай арасындағы 2025 жылы құрылған бауырлас қалалар қарым-қатынастарының әлеуетін жоғары бағалап, бұл формат сауда, инвестиция, мәдени және білім беру алмасуларында практикалық ынтымақтастықты орнатуға ықпал ететінін атап өтті.

Кездесу соңында тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайтуға, сондай-ақ Қазақстан экономикасын әртараптандыруға және қытай бизнесінің Орталық Азия нарықтарына шығуына ықпал ететін бірлескен бастамаларды іске асыруға өзара дайындығын растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
Алматы волонтерлері мерекелік концерттен кейін Астана алаңында тазалық жұмыстарын жүргізді
Оралда Наурыз мерекесіне 50 мыңнан астам адам жиналды
«Алтын адам» Алматы облысында өткен референдумға келді
БҚО әкімі Нариман Төреғалиев әйелдерді 8 наурыз мерекесімен құттықтады
Мемлекет басшысы XXV Қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровты марапаттады